«Тіл мәртебесін көтеру мемлекеттік қызметкердің парызы»

«Тіл мәртебесін көтеру мемлекеттік қызметкердің парызы»

Осыдан 32 жыл бұрын, яғни 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін, егемендік алған соң 1995 жылы Ата заңымыздың 7 бабына сай, «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» болып айқындалды. Әрі қарай – 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдерді қолданудың құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгіленген болатын. Еліміздің егемендік алуы мен аталған заңның қабылдануы  мемлекеттік тіліміздің қолдану аясының барынша кеңеюіне даңғыл жол ашып берді.

Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады. Ата-заңымыздың 7-бабында көрсетілгендей: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл откен сайын артып, осы бақытта тыңғылықты жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесі де күнтәртібінен түспейді. Қазіргі уақытта сот жүйесінде барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады және  сот ісін жүргізу тілі - мемлекеттік тілге деген басымдық, талап күшейтілді. Елбасы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ  әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» тұңғыш Президенттің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдарды мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі шешімге байланысты Жоғарғы Сот пен жергілікті соттарда сот ісін және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу 2007 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.

Осы орайда, өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындырып келеді. Сот жүйесінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және  Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару аталған құрылымдық жүйенің қоғам талабына сай үнемі жетіліп, оның ілгерілеуіне заманауи тетіктер мен кешенді сот реформаларын жүргізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

Әрбір мемлекеттік қызметшіге қоғам мен мемлекет тарапынан өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, өз Отанына – Қазақстан Республикасына адал да білікті қызмет ететіндігіне сенім білдіреді. Сондықтан, тіл мәртебесін көтеру де мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті десек қателеспейміз.

Р.К.Кыдыралин 

Ақтөбе гарнизоны әскери

сотының судьясы                                                           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Гость Anthonyanaep 8 августа 2024 20:38

    точка пунктир это какая часть речи
    http://lukiblog.ru
    как найти гипотенузу прямоугольного равнобедренного треугольника
    sensorfaq.ru
    https://www.sigmablog.ru
    что такое теплопроводность и теплоемкость воды
    webpilyla.ru
    https://www.openkrokzo.ru
    как я ловил человечков сказка или рассказ
    fokusblog.ru
    http://www.webpilyla.ru
    кто является агентом вторичной социализации

  2. аватар
    Гость Anthonyanaep 4 сентября 2024 05:17

    что такое генотип и фенотип в биологии
    http://frutilupik.ru
    какие средства художественной выразительности есть
    fokusblog.ru
    https://lukiblog.ru
    в том же как пишется
    webgraal.ru
    https://algoblogus.ru
    сколько всего конституций было в истории нашей страны
    fokusblog.ru
    https://lukiblog.ru
    в чем суть городской реформы

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив