Соттағы құжатайналымдағы тілді дамыту және қолдану

Соттағы құжатайналымдағы тілді дамыту және қолдану

Тілдің маңыздылығы, ұлт маңыздылығы. Тіл ұлттың айнасы. Тіл- ұлттың асыл қазынасы.

Тіл арқылы халық бір-бірін түсінеді, айтылады, жеткізіледі және түсіндіріледі. Осындай алғы сөзбен тіліміз туралы, оны нығайтуға жасалынып жатырған жұмыстар жөнінде айтқым келеді.

Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемілекеттік бағдарламасы»  жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді, сонымен қатар бағдарламада сот жүйесі бойынша проблемалар көрсетілсе, олар біріншіден қазіргі таңда республика соттарында қазақ тілінде қаралатын істер саны төмен деңгейінде екені қалып отыр.

Бағдарламаның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.

Мемлекет әрбір азаматтың қазақ тіліне оқытуға мүдделі. Бұл үшін қомақты қаражат бөлінуде.

«Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті», ұлттың өзге ұлттан ерекшеленетін тұсы, ол тарихы және тілі. Тілімізді көптеген жылдардан бері жақсартуға үлкен жұмыстар жасалынып келе жатыр. Айта кететін болсақ, Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес сотта жыл сайын «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Тіл шебері», Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы  басқа да түрлі форматты іс-шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында құрылған «Tilalemi.kz» порталы, «Atau.kz» ономастикалық базасы, «Emle.kz» орфографиялық базасы, «Тermincom.kz» базасы, «Tilmedia.kz» үш тілді сайты, балаларға арналған «Balatili.kz», мемлекеттік тілді үйретуге арналған «Тіл-құрал» веб-сервисі және барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» (Құжат.кз) сайттары  жұмыс жасауда. Әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тіркестерді, көнерген сөздер мен кірме сөздерді, жаңа сөздерді түсіндірмесімен онлайн-іздеу функциялары бар «Sozdikqor.kz» порталы құрылды.

Қазіргі таңда құжатайналым 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс екендігін бәрімізге мәлім.

Шыңғырлау аудандық сотында құжатайнылымдағы мемлкеттік тілдің үлесі 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 99,8 пайыз болса, 2024 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 100 пайызға дейін өсіп отыр.

Тіл тағдыры - ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуі және мемлекеттік тілін меңгеруі міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, мемлекеттік тілді дамыту үшін, бұл істе ала болмай, түгел болып кіріссек, көздеген мақсатқа тездетіп жетуге болатынына сенімдімін.

Жалпы барлық мекемелерде құжат айналымдағы  мемлекеттік тілдің қолдануы мен дамыту керектігіне, өз тілімізді құрметтеуге шақырамын.

Ж.Б. Каримов 

Шыңғырлау аудандық соты әкімшісінің басшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив