Дауды медиация тәртібімен реттеу

Дауды медиация тәртібімен реттеу

Тараптар татуласу келісімін, дауды(жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді  немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады. Қазіргі кезде елімізде  кеңінен тарап,тәжірибе қалыптастырып бітістіру рәсіміндерінің біріне дауды медиация тәртібімен реттеу жатады.

     Медиацияны жүргізу тәртібі «Медиация туралы» заңда белгіленген.

     Медиация дегеніміз тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын , олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатр жәрдемдесуі мен тараптардың арасындағы дауды реттеу расімі.Медиация жолымен істкерді шешу екі тарап үшінде тиімді . Бітімгершілікпен дау шешіліп,тараптардың мүдделері ескеріледі.Медиаторлар тараптардың бітімгершілікке келтіру барысында тараптардың өздері үшін ыңғайлы шешім қолдануына бағыт көрсетеді.

    Медиация рәсімінің тараптарға тиімділігі оның мақсаты мен қағидаттарында.Медиация мақсаты дауды жан-жалды шешуді медиацияның екі тарапын қанағаттандыратын қол жеткізу.

   Медиация тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетеді.Медиация еріктілік тараптардың тең құқылығы,медиатор тәуелсіздігі мен бейтараптылығы,медиация рәсіміне араласуға жол берілмеушілігі, құпиялық негізінде жүргізіледі.Медиация жүргізілген кезде осы қағидаттар міндетті түрде сақталуы тиіс. Тараптардың өзара ерікті ниет білдіруі медиация рәсіне қатысудың шарты болып табылады,тараптар өзара қолайлы келісім нұсқаларын талдау үшін мәселелерді талдау еркін болады.

    Медиация тараптары медиаторды, медиация рәсімін, ондағы өз ұстанымын,оны талап ету тәсілдері мен құралдарын таңдау кезінде , ақпарат алу кезінде, дау-шарды реттеу туралы келісімшарттарының қолайлығын бағалауда тең құқықтарды пайдаланады және өздеріне тең міндеттер жүктейді.Медиацияны жүргізу кезінде медиатор тараптардан,мелекетттік органдардан,өзге де заңды лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болады, медиатр бейтарап болуға тиіс.Медиацияға қатысушылардың өздеріне медиация барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация тарапының жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқылы емес .Медиацияны кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар жүргізе алады.Сондай-ақ медиция тараптары медиаторды ерікте түрде таңдауға,медиатордан бас тартуға құқылы.

     Медиацияны тек медиаторлар ғана емес,судьяның да жүргізуіне мүмкіндік қарастырылған. Мысалы; Азаматттық процестік кодекстің 179-бабының талаптарына сай тараптар медиатр медиацияны жүргізу туралы өтінішхатты ұсына алады,сондай-ақ бірінші және апеляциялық сатыдағы судья медиацияны өткізу туралы өтінішхатты ұсына алады. Сот сот отырысында дауды(жанжалды)медиация тартібімен реттеу туралы келісім бекітілгенге дейін тараптарға оны жасаудың құқықтық салдары түсіндіріледі.

      Іс жүргізуінде жатқан судья(сот құрамы) дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп,оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.Мемлекттік баж төленген тарапқа қайтарылуға жатады.Дауды(жанжалды)реттеу туралы келісімді бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық және кассациялық соттарға шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін. Егер тараптардың арасында жасалған келісім заңға қайшы келсе немесе басқа да құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса,сот оны бекітпейді. Сот келісімді бекутуден бас тартқан жағдайда бұл туралы ұйғарым шығарады,ол ұйғарым шағымдануға немесе наразылық білдіруге жатпайды.Ұйғарыммен келіспеу туралы уәждер апелляциялық шағымда көрсетілуі мүмкін.

   Азаматтық процестік кодексте сотпен бекітілген дауды(жанжалды)медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді орындау қағидалары нақтыланған.Ерікті түрде орындалмаған келісім келісімді жасасқан адамның өтінішхаты бойынша соттың берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

А.Искакова

Жаңақала аудандық

сот әкімшісі басшысы:                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив