Патрульдік полицейлер мен криминалист сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалармен кездесті

Патрульдік полицейлер мен криминалист сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалармен кездесті

https://youtu.be/lLUFXPShIgs

Петропавл қ. полиция басқармасының қызметкерлері «Достық» сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалармен кездесті. Әр түрлі жастағы үш жүзге жуық балалардың алдында криминалист, патрульдік полиция батальонының инспекторлары және ювеналдық полиция бөлімінің бастығы сөз сөйледі.

Жолдарда көліктердің қарқынды қозғалысы барысында, электрсамокаттары мен велосипедтерде жүру кезінде, су айдындарында ересектердің қарауынсыз шомылған уақытта басты қағидаларды сақтамау жаз айларында балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Кездесудің мақсаты – балаларға осы жайлы айту, ықтимал қауіптерден сақтау, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіру.

Сарапшы-криминалист жедел-тергеу тобы құрамында ол және оның әріптестері барлық қылмыстар мен оқиғаларға шыққан кезде алып жүретін чемоданы мен оның ішіндегі құрал-жабдықтарды көрсетті. Полиция аға лейтенанты иіс туралы ғылым — одорологияға тоқталып, қылмыстарды ашу кезінде аса қажет саусақ іздерін алу алгоритмін көрсетті.

Патрульдік полицейлер де өз қызметі туралы айтып, киімдерімен және  арнайы құралдарымен таныстырды. Полиция қызметіне қызығушылық білдіргендер дауыс зорайтқыш құрылғымен, бейнекамералармен және жарқылдауық маяктармен жабдықталған патрульдік автокөлікке отырып көруге мүмкіндік алды.

Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Жанат Мұстафина да балалармен әңгімелесті; жасөспірімдерге сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдердің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жүрген жағдайда көзделген жауапкершілік туралы айтылды.

Петропавл қ. ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінде полиция қызметкерлері мұндай кездесулерді жылдағы дәстүрге сай өткізіп тұрады. Келешекте ұлдар мен қыздардың полиция қызметкерінің погондарын киіп, халық пен мемлекеттің игілігі үшін қызмет етуі мүмкін. Сондықтан кездесулер алдын алу сипатында ғана емес, кәсіптік бағдар беру үшін де өткізіледі.

Юрий Клыков

СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Гость Anthonyanaep 8 августа 2024 18:12

    сколько длилась чеченская война 1
    https://www.openkrokzo.ru
    колья сколько звуков и букв
    algoblogus.ru
    https://snotolkovatelnyi.ru
    как пишется слово насколько слитно или раздельно
    mirtetriks.ru
    http://fokusblog.ru
    бежин луг какие истории рассказывал илюша
    fokusblog.ru
    https://www.sensorfaq.ru
    радикал это кто простыми словами

  2. аватар
    Гость Anthonyanaep 1 сентября 2024 06:03

    кому адресовано посвящение к роману отцы и дети
    https://www.fokusblog.ru
    сказка сколько букв и звуков
    algoblogus.ru
    https://www.sensorfaq.ru
    от какого слова образовано слово искренне
    sigmablog.ru
    https://www.openkrokzo.ru
    сколько букв и звуков в слове платье
    sigmablog.ru
    https://webgraal.ru
    неактуально как пишется слитно или

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив