Бас ботаникалық бақтағы InEco Fest: экология және инклюзия арқылы саналылық

Бас ботаникалық бақтағы InEco Fest: экология және инклюзия арқылы саналылық

Алматыда экология мен инклюзия үрдістерін біріктірген алғашқы қалалық отбасылық фестиваль 4 мыңнан астам қатысушыны тартты

Алматы, 2024 – 19 шілде күні Алматы қ. Бас ботаникалық бағында кең ауқымды отбасылық Экология және инклюзия фестивалі – InEco Fest 2024 өтті. Фестивальді «IteachMe» қоры «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК-мен (Алматы қ. Бас ботаникалық бағымен) бірлесіп ұйымдастырды.

Фестиваль азаматтардың сана-сезімін нығайтуға, табиғатқа құрмет және инклюзия бір арнаға тоғысқан қоғам құруға бағытталды. InEcoFest 2024 өткізу орны кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі, Бас ботаникалық бақ – Алматы тұрғындары мен қала қонақтары үшін сүйікті демалыс орны болып табылады, мұнда табиғатқа қамқорлық адамға деген қамқорлықпен ерекше үндестікте үйлесім тапқан. Мұнда әрбір келушінің қажеттіліктері барынша ескерілген, мысалы, тегін ауыз су бұрқақтары, демалуға арналған ыңғайлы орындықтар, пандустар, тазалық бөлмелері, соның ішінде жүріс-тұрысы шектеулі адамдарға арнап жабдықталған бөлмелер.

«Ботаникалық бақта біз ерекше қажеттіліктері бар келушілерден көптеген жылы лебіз естиміз. Мұнда әрбір қонақтың жайлы жүріс-тұрысы үшін қолайлы жағдай жасалған, ал мүмкіндігі шектеулі жандар Ботаникалық баққа кез келген уақытта тегін кіре алады. Осы фестивальдің арқасында барынша көп қауым біздің қалада адам мен оның жайлылығы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған бірегей өсімдіктерден кем түспейтін дәрежеде бағаланатын және маңызды болатын керемет инклюзивті алаң бар екенін білсе дейміз», – деді Ботаника және фитоинтродукция институтының маркетинг және PR бөлімі басшысы Баян Коспенбетова.

«Адамдар әр кез табиғатпен тығыз байланысты, өйткені табиғатқа жанашырлық мәдениеттің ажырамас бөлігі, ал адамдар экожүйенің бір бөлігі, барлығы қоғамның толыққанды мүшелері. Біздің қор ерекше қажеттіліктері бар адамдардың басын біріктіріп, оларды заманауи кәсіптерге үйретіп, өздерінің ең үздік нұсқасы болуға шабыттандыра отырып, тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге және әркімнің әлеуетін ашуға көмектеседі. Біздің қор үшін адамдар бірін-бірі бағалайтын, құрметтейтін және қамқор болатын қоғамның бір бөлігі бола алатын платформа құру маңызды», – деп атап өтті «IteachMe» қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева.

«1993 жылы Қазақстанмен ынтымақтастық басталғалы «Шеврон» мұнай-газ саласын дамытып қана қоймай, әлеуметтік жобаларға ауқымды қолдау көрсетіп келеді. 1994 жылдан бері компания білім беруді, денсаулық сақтауды жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған 400-ден астам жобаға шамамен 500 млн. доллар инвестиция құйды. «IteachMe» қорымен және Бас ботаникалық бақпен серіктестік адамдарға және табиғатқа қамқорлық көрсетуге, әралуандылықтың күшіне және планетаның қорғаудың маңыздылығына кәміл сенуге негізделген. Осы фестиваль жасыл әрі үйлесімді болашаққа жасалған қадам. Осылайша біз өмір сапасын жақсартатын және қоршаған ортаны қорғайтын жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыра отырып, инклюзияға және тұрақты дамуға деген айнымас ұмтылысымызды растаймыз», – деп атап өтті «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің келіссөздер және жобалар жөніндегі бас менеджері Гүлзира Өтетілеова.

Ұйымдастырушылар InEco Fest фестивалінің басты идеясын – табиғатқа да, бір-бірімізге де деген жанашыр қарым-қатынастың маңыздылығын көрсететін ауқымды танымдық және ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Фестивальге келушілер құмыра өсімдіктерін қайта отырғызу, сурет салу, қалдықтарды бөлек жинау, робототехника және флористика бойынша шеберлік дәрістеріне қатысып, өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Фестиваль барысында «IteachMe» қорының директоры Захира Бегалиева әр адам жеке ерекшеліктеріне қарамастан өз әлеуетін іске асыра алатын инклюзивті қоғам құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Tabigat Labs жобалар коалициясы экология мәселелерін урбанистика, әдебиет және танымдық ойындар арқылы қарастыруды ұсынды. «Recycle Birge» сарапшылары Жандар Жанәбіл мен Мадина Рүстемова қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік дәрістерін жүргізіп, тұрақты тұтыну және қалдықтарды кәдеге жарату қажеттілігіне назар аударды. Юрий Чувашев пен Жанна Үмбетова («Болат Өтемұратовтың қорының Ресурстық орталығы») барлық азаматтар үшін мейірімді орта құруға бағытталған қоғамдық орындарда аутизм спектрінің бұзылыстары бар адамдармен өзара әрекеттесу маңыздылығын талқылады.

«Inclusive People» жобасының негізін қалаушы және қазақстандық тұңғыш кибер-модель Айман Молдабекова сән теңдікті және пен әралуандылыққа деген құрметті көрсететін платформаға айнала алатынын көрсете отырып, сәнге деген инклюзивті көзқарасымен бөлісті. Inclusive People модельдері әралуандылық және мүмкіндіктер теңдігін көрсеткен инклюзивті фэшн-шоу фестиваль қағидаларының айқын дәлелі болды.

«Мама Про» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қорының қызметкерлері Айгерім Ізбасарова мен Нюргуяна Адамова ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға мейірімділік пен психологиялық қолдау көрсету бойынша дәрістер өткізіп, инклюзивті қоғам аясында психологиялық саулыққа көңіл бөлу қаншалықты маңызды екенін айрықша атап өтті.

Фестиваль серіктесі «Леруа Мерлен» компаниясы «жасыл» своп, арт-нысандарды жасау үшін пластик қақпақ жинауды ұйымдастырды, флорариумдер мен жем салатын астаулар бойынша шеберлік дәрістерін өткізді. Балалар да, ересектер де «Сүю үшін білу» үстел эко-квесіне және гидпен бірге Бас ботаникалық баққа экскурсияға бар ынта-ықыласымен қатысты.

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы дайындаған фото және арт көрмелер қонақтардың назарын аударып, табиғатқа ұқыпты қарауға шабыттандырды.

«Impact Hub Almaty» КҚ қолдауымен ұйымдастырылған Кітап клубы мен жәрмеңкесі келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Аталмыш кеңістік «Комунитиплюс» ҚҚ және «Mindful Generation» ҚҚ, сонымен қатар «Отбасы», «Тentek Publishing House» және «Steppe&World» БҮ баспалары сияқты қатысушыларды біріктіріп, олар әдебиет пен білім әлеміне шомдыратын тамаша атмосфера орнатты.

АСБ бар балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен өткен «Аутизмді жеңеміз» орталығының концерті ұшан-теңіз эмоция тудырып, барлық қатысушыларды біріктірді. Әлеуметтік жобалар көрмесі экология және инклюзия саласында маңызды бастамалармен айналысатын адамдармен кездесуге мүмкіндік берсе, қайырымдылық жәрмеңкесінде жергілікті өндірушілерді қолдауды мақсат тұтқан эко-тауарлар және hand-made бұйымдар саудасы қызды.

«Қыз және Теңіз» фильмінің ашық аспан астындағы кинотеатрда жарияланған көрсетілімі ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді. Киносеанс күні және түсірілім тобымен кездесу уақыты жақын арада хабарланатын болады.

Фестивальге қазақстандық «GForce Grey» жарнама агенттігі креативтік қолдау көрсетті, аталмыш агенттік Cannes Lions 2024 шарасында Social&Influencer санатында «Алтын арыстан» сыйлығын жеңіп алған болатын. Жоба командасы InEco Fest айдентикасын тегін жасап беріп, осылайша саналы қоғамның дамуына өз үлесін қосты.

Фестиваль туралы толығырақ ақпаратты сайттан және Instagram-дағы ресми парақшадан білуге болады 

Фото және бейне материалдар сілтеме арқылы қолжетімді.

Кез келген қосымша сұрақтар жөнінде келесі нөмірлерге хабарласуға болады:

+7 747 705 2998 Бекғожаев Даурен, «IteachMe» қорының операциялық директоры,

 +7 701 755 3753 Қоспенбетова Баян, Ботаника және фитоинтродукция институтының маркетинг және PR бөлімі басшысы (Алматы қ. Бас ботаникалық бағы)

АНЫҚТАМА ҮШІН:

Бас ботаникалық бақ (БББ) Алматы қаласында орналасқан және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрамына кіреді. Бас ботаникалық бақ – ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие ашық аспан астындағы ғылыми мекеме. Ботаника ғылымы, экологиялық-ағарту және табиғатты қорғау қызметі орталығы. Толығырақ ақпарат сайтта: www.botsad.kz

«IteachMe» қоғамдық қоры – біліктілікті дамыту орталығы. Қызметінің мақсаты: барлығына тең мүмкіндіктер жасау. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін білім беру іс-шараларын ұйымдастыратын, IT мамандарын оқытып, жұмысқа орналасуға көмектесетін жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан ұйым. Толығырақ ақпарат сайтта:  www.iteachme.kz

«Шеврон» – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз сенімді, қолжетімді әрі таза энергия прогресс үшін маңызды деп есептейміз. «Шеврон» мұнай және табиғи газ өндірумен, жанар-жағармай, мұнай-химия өнімдері мен қоспаларын шығарумен айналысады, сонымен қатар өз бизнесін және жалпы саланы дамыту үшін технологиялар жасап шығарады. Біздің қызметіміз мұнай және газ саласындағы бизнесімізді дамытуға, қызметімізде көміртек қолданысын азайтуға және жаңғырмалы отын, көміртекті қармау және оффсеттерді, сондай-ақ сутегін және басқа да инновациялық технологияларды пайдалану сияқты төмен көміртекті бизнес бағыттарын дамытуға бағытталған. «Шеврон» компаниясы туралы толығырақ ақпарат сайтта: www.chevron.com  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив