Салық кодексіне жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу бойынша түсіндірме

Салық кодексіне жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу бойынша түсіндірме

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да мендетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі)  Қазақстан Республикасының кодексіне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 105-VIII Заңы және  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі)  Қазақстан Республикасы кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып  активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсыну бойынша (250.00-нысан) жеке санаттағы адамдар босату бөлігінде Салық кодексіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Мәселен, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыстау міндетінен бейрезиденттер, ал 2024 жылдың 1 қантарынан бастап коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлер босатылды.

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар  активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00- нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсына бастады.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2024 жылғы 1 қаңтарға бейрезидент болып табылатын тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті емес.

Бұдан басқа, коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ акционерлер, егер олар бір мезгілде коммерциялық ұйымдардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер не олардың жұбайлары болып табылмаса, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынудан босатылады.

Естеріңізге сала кетейік, декларацияны қағаз жеткізгіште және электрондық түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz) және "E-Salyq Azamat", "eGov mobile" Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz.  мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.

Декларацияны тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыну қажет.

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша топ 5 сұрақ-жауап

  1. Бейрезиденттер 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну қажет пе ?

Жөқ, қажет емес. Салық кодексіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезидент жеке тұлғаларды деклараттар шеңберінен активтер мен міндеттемелер декларацияны ұсыну міндеттен алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

  1. Мен дара кәсіпкермін және 2023 жылы қызметтімді тоқтаттым. 2024 жылы 250.00 нысанындағы декларацияны тапсыруым керек пе?

Иә, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша міндеттемелер (250.00-нысан) өз қызметін тоқтата тұрған және әрекетсіз кәсіпкерлерге де туындайды.

  1. Менде Қазақстанның бірнеше қаласында жылжымайтын мүлік бар. Мен барлық пәтерлерімді декларацияда көрсетуім керек пе?

Жоқ, активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияда Қазақстан Республикасынан тыс шет мемлекетте тіркелген жылжымайтын мүлік қана көрсетіледі.

  1. Бұрын мемлекеттік қызметші болған және 250.00 және 270.00 нысанды декларацияны тапсырған. Өткен жылы зейнетке шықты. Биылғы жылы 270.00 нысаны бойынша декларация тапсыруым керек пе?

Иә, керек. Салық кодексінің 633-бабына сәйкес жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген, бұрын 250.00 нысанындағы декларацияны ұсынған барлық жеке тұлғалар мәртебесіне қарамастан (мемлекеттік қызметтен кеткен, зейнетке шыққан және т. б.) жыл сайын 270.00 нысанындағы декларацияны табыс етеді.

  1. Егер менде жылқылар мен басқа да жануарлар көп болса, үй жануарларын декларацияда көрсету керек пе?

Декларацияда азаматтар өз қалауы бойынша бірлік құны (1 бас) 3,5 млн.теңгеден (1000 АЕК) асатын қымбат тұқымды жануарларды декларациялай алады. Мысалы, асыл тұқымды жылқы, экзотикалық жануар.

Ауыл шаруашылығы және үй жануарлары бойынша мәліметтерді Мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті органдардан алады. Сол себепті оларды декларациялау қажеті жоқ.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Гость Anthonyanaep 9 августа 2024 02:19

    когда гласная дает два звука
    https://frutilupik.ru
    чем отличается животное от растения
    frutilupik.ru
    https://algoblogus.ru
    как пишется слово слева слитно или раздельно
    algoblogus.ru
    https://www.sensorfaq.ru
    что такое государство кратко и понятно самое важное
    webpilyla.ru
    https://www.sigmablog.ru
    пусть будет по вашему как пишется

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив