Петропавлда ювеналды полицейлер мектепті аяқтау кешінен кейін демалыс күндері қалай өткенін айтып берді

Петропавлда ювеналды полицейлер мектепті аяқтау кешінен кейін демалыс күндері қалай өткенін айтып берді

Оқу жылының аяқталуы — ювеналды полицейлер үшін жауапты кезең. Петропавлда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар өткен демалыс күндерін күшейтілген түрде қызмет атқарды. Ойын-сауық мекемелері, ойын клубтары, жалдамалы пәтерлер, сондай-ақ Қазақстан Конституциясы көшесі және жастардың басқа да сүйікті демалыс орындары ерекше назарда болды. Мақсаты - жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерсіз, мас күйінде және басқа да тәртіп бұзушылықтарсыз үйден тыс жерде болу фактілерін болдырмау.

Қалалық кафелердің бірінде кәмелетке толмағанның түнгі уақытта жұмыс істеу фактісі анықталды. Жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Түнгі көшелерде жүрген топтарда алты жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандардың ішімдік ішу фактілері тіркелген жоқ.

"Мектеп аяқтау кештерінен кейін құқық бұзушылықтардың өсуіне жол бермеу — оқу жылының соңында күшейтілген профилактикалық жұмыстың нәтижесі", — деп атап өтті Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. - Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар оқушылармен, олардың ата-аналарымен, ұстаздарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айта кетерлік жайт, көптеген жасөспірімдер демалыс күндері ата-аналарымен бірге болды. Ересектерден кәмелетке толмаған балаларына заңнама нормаларын үнемі түсіндіріп отыруын және қараусыз қалуына жол бермеуін сұраймыз".

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив