Таразда полицейлер балаларға қауіпсіздік шараларын ерекше тәсілмен жеткізуде

Таразда полицейлер балаларға қауіпсіздік шараларын ерекше тәсілмен жеткізуде

Таразда полиция қызметкерлері балаларға қауіпсіздік ережелері туралы айтудың ерекше әдісін қолданды.

Полицейлер «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының мультфильмдер кейіпкерлерімен бірге мектептер мен балалар жиналатын бірнеше аула алаңқайларына барды.

- Біз балалармен және олардың ата-аналарымен алдын алу шараларын өткізуді шештік. Өйткені, балаға өз тілінде сөйлеген кезде ақпаратты түсінікті әрі жақсы қабылдайтынын білеміз. Олар бүгінгі өткізілген шарада көптеген қуанышты, жағымды әсерлер мен қажетті кеңестерді алды, - деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Руслан Оразбақов.

Статистикаға сәйкес, балалар үшін ең қауіп тудыратын уақыт – мектептен демалысқа шыққан кезең. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің үйден кетуі, жазатайым оқиғалар мен олардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының саны да артып келеді.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында балалардың қатысуымен 117 ЖКО орын алып, 6 бала қаза тауып, 160 бала түрлі жарақат алды.

Қараусыз қалған балалардың ашық тұрған терезелерден құлап жарақат алуы, қайтыс болуы  немесе суға шомылу кезеңіндегі  қауіпсіздіктің қарапайым шараларын елемейтін жағдайлары жылдан жылға орын алып жатады. 

Полицейлер қанша алдын алу дәрістерін оқыса да, аталған  жағдайлар қайталана береді.  Сондықтан бүгінгі іс-шарадағы мультфильм кейіпкерлері  балаларға қауіпсіздік туралы ақпаратты олардың өз тілдерінде жеткізді.

Ал, балалар полицейлерді қызығушылықпен тыңдап, тамаша  көңіл-күйде сүйікті кейіпкерлерімен естелік суреттерге түсті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив