Камералдық бақылау хабарламаларын пысықтау тәртібі туралы

Камералдық бақылау хабарламаларын пысықтау тәртібі туралы

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасы камералдық бақылау хабарламаларын пысықтау тәртібі туралы хабарлайды.

Камералдық бақылау – бұл салық төлеушілер мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға ұсынатын барлық деректерге салық органдары жүргізетін қашықтан талдау.

Алынған ақпарат негізінде салық органдары салық төлеушінің қызметі туралы толыққанды бейнені қалыптастырады және қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған жағдайда бұзушылық дәрежесіне байланысты оның мекен – жайына камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама жібереді.

Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге айыппұлсыз бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру болып табылады.

Орындау отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, бұзушылықпен келіскен жағдайда қосымша салық есептілігін ұсыну қажет.

Келіспеген жағдайда бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беру талап етіледі.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап камералдық бақылау хабарламаларына жауап берген салық төлеушілерге қатысты банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмейді.

Сонымен қатар, салық төлеушілер хабарландыру тәртібімен камералдық бақылау хабарламаларының орындалу мәртебесін бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Сондай–ақ, салық төлеушілерді камералдық бақылау хабарламаларын уақтылы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту практикасы тоқтатылды.

2024 жылғы 12 ақпаннан бастап камералдық бақылау форматы өзгерді. Камералдық бақылау адами факторды қоспағанда, автоматтандырылған қызмет көрсету моделіне толығымен қайта форматталған.

Растайтын құжаттарды ұсыну және олар бойынша хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімдер шығару міндеттілігін болдырмау жолымен орташа тәуекел дәрежесі бар хабарламаларды орындау рәсімі оңайлатылды.

Осылайша, бұзушылықтар мәмілелер бойынша тіркелуі/қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған өнім берушілермен мәмілелерге қатысты хабарламаларды қоспағанда, сондай–ақ ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер бойынша барлық орташа тәуекел дәрежесі бар хабарламалар автоматты түрде орындалды деп танылады.

Мұндай хабарламалар бойынша тек қосымша есептілікті ұсыну ғана орындалу болып саналады, тиісінше дфно болмаған кезде хабарламалар КҚ негізінде шығыс операцияларын тоқтата тұра отырып, шешім шығарусыз орындалмады деп танылуға тиіс.Салық кодексінің 118–бабының 1–тармағы.

Бұл өзгерістер салық төлеушілердің жағдайын жақсартады, өйткені олар Қаржы–шаруашылық операцияларды жүзеге асыруды тоқтатпайды және азаматтардың сот процестерінің орбитасына қатысуын азайтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар соттардың болашақ тексерулердің нәтижелерін алдын–ала шешуі мәселесін шешеді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив