Олжас Сапарбеков Германия экономикасы шығыс комитетінің делегациясын қабылдады

Олжас Сапарбеков Германия экономикасы шығыс комитетінің делегациясын қабылдады

2024 жылғы 16 мамырда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі  Олжас Сапарбеков Германия экономикасы шығыс комитетінің басқарма төрағасы «CLAAS Group» компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы - Катрина Клаас-Мюльхойзер ханым бастаған неміс делегациясын қабылдады.

Вице-министр Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылау үшін маңызды алаң - Берлин Еуразиялық Клубының (40-шы) мерейтойлық отырысының аяқталуымен құттықтады.

Кездесу барысында сауда қатынастары талқыланды. Өткен жылы неміс тікелей инвестицияларының көлемі 770 млн. АҚШ долл. құрап 64%-ға өскен. Екі елдің өнеркәсіптік тауарлар бойынша тауар айналымы 31%-ға ұлғайып, 3,3 млрд. АҚШ.долл. құраған. Оның ішінде, өнеркәсіп тауарларының экспорты 300 млн.АҚШ доллары (бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23% - ға аз), ал импорт 3 млрд. АҚШ долларын құрады (2022 жылмен салыстырғанда 41% - ға көп).

 «Сауданың негізгі тауарлары ферроқорытпалар, феррохромдар, фосфор, дәрілік заттар, автомобильдер, ұшу аппараттары және басқалар болып табылады. Сондай-ақ, энергия тиімділігі саласында 10 жылдан астам уақыт бойы Германия Қазақстанға энергия үнемдеу саясатын іске асыруда қолдау көрсетіп келеді, оны біз терең бағалаймыз », - деді Олжас Сапарбеков.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында маңызды шикізат мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив