Қазақстан мен Латвия көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Қазақстан мен Латвия көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Көлік министрі Марат Қарабаев латвиялық әріптесі Каспарс Бришкенспен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Латвиядағы көлік саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту туралы Меморандумға қол қойды.

«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Латвия көлік-транзиттік ынтымақтастықты белсенді дамытып жатыр. Ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі көлік мәселелері бойынша тұрақты негізде жұмыс істейтін бірлескен жұмыс тобы. Аталған топ жұмыс барысында теміржол, автомобиль, әуе көлігі, транзит және логистика саласындағы көптеген маңызды сұрақты қамтиды», – деп атап өтті министрлік басшысы.

Министрдің айтуынша, бүгінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының атқарып отырған рөлі ерекше. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жүктерді тасымалдау көлемінің екі есе артуы осының бірден-бір дәлелі.

«Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыру мақсатында инфрақұрылымды және терминалдық қуаттарды жақсарту, порт қуаттарын кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді алып тастау және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл 2025 жылға қарай халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді салалық министрліктің басшысы. 

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Латвия Австрия, Германия, Литва, Эстония және Венгриямен бірге ТМТМ-ге кіруге қызығушылық танытып отыр. Осы ретте халықаралық көлік бағытының халықаралық қауымдастығы шеңберінде Әзербайжан, Грузия және Түркиямен 2027 жылға дейінгі Жол картасына қол қойылды. Ресми сапар аясында осы жылдың 31 қаңтарында Румыниямен де меморандумға қол қойылған болатын.

Сөз кезегінде бейінді министрліктің басшысы латвиялық инвесторларды инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.

«Біз транзиттік жүк ағындарының көлемін өзара ұлғайту, көлік маршруттарын белгілеу және дамыту, мультимодальды тасымалдау және логистикалық процестер саласындағы озық тәжірибелермен алмасу үшін көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз», – деп түйіндеді М.Қарабаев.

Сапар аясында қазақстандық делегация салынып жатқан Rail Baltica объектісіне мен Рига портына барды. Сонымен бірге жұмыс сапары аясында Марат Қарабаев Қазақстан-Латвия бизнес-форумында көлік саласындағы ынтымақтастық туралы баяндама жасап, Рига порты басқармасының басшылығымен және жергілікті бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив