Заңсыз үстеме жұмысқа тарту: Ақмола облысында 48 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Заңсыз үстеме жұмысқа тарту: Ақмола облысында 48 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша тексеру жүргізеді.

Заңның 5-бабы 2-тармағының 10-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмысты, аралас қашықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмысты қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті уәкілетті органның лауазымды адамдары мемлекеттік органдарға бармай, сондай-ақ мемлекеттік органға бару арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының мемлекеттік органдары қызметшілерінің қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (бұдан әрі - ҚББЖ) мәліметтерін зерделеу, сондай-ақ мемлекеттік органдарға барумен және бармай-ақ профилактикалық мониторинг жүргізу арқылы қайта өңдеу фактілерін болдырмау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізді.

Департамент мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын сақтау мақсатында мемлекеттік органдар ұсынған ҚББЖ мәліметтері негізінде Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілерін үстеме жұмысқа тарту мониторингін жүргізді.

ҚББЖ мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың 1 тоқсанында жалпы ұзақтығы 83 сағат 49 минутты құрайтын 30 мемлекеттік қызметшіні, оның ішінде 26 Жергілікті атқарушы органдардың және 4 орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін үстеме жұмысқа тарту фактілері анықталды.

Департаменттің хаты негізінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді, жоғарыда аталған мемлекеттік органдарда актілер шығарылды және демалыс күндері (сағаттары) берілді.

Сондай – ақ, мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтерге сәйкес 25 мемлекеттік қызметші үшін икемді кесте белгіленген, оның ішінде ЖАО – 5 және ОАО АБ – 20, сондай-ақ 1 мемлекеттік қызметші үшін қашықтықтан жұмыс белгіленген.

Демалыс және мереке күндері жұмыспен 80 мемлекеттік қызметші қамтылды, оның ішінде ЖАО-да 5 қызметші және ОАО АБ-де 75 қызметші. Бұл ретте 46 мемлекеттік қызметшіге өтемақы төленді және 34-ке демалыс күндері (сағаттары) берілді.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 тоқсанында жұмыс уақытының сақталу мониторингі 72 мемлекеттік органда немесе 2024 жылы жоспарланған 117 органның 61,5% - да жүзеге асырылды, сондай-ақ жоспардан тыс негізде 3 мемлекеттік орган қамтылды. Мониторинг барысында 18 бұзушылық анықталды, 4 акт жасалды және барлық 18 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде ЖАО-да 17 мемлекеттік қызметші және ОАО АБ-де 1 мемлекеттік қызметші.

Сонымен қатар, Қағидалар мен Заң бұзушылықтарының алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылады.

Мәселен, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында жүйелі негізде Департаменттің қызметіне шолулар мемлекеттік органдарға жіберіледі, сондай-ақ жүргізілген талдаулардың қорытындылары Әдеп жөніндегі кеңестің қарауының мәні болып табылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Eleanor 17 августа 2024 14:40

    работа в фамилия без опыта работы
    режим работы поющего фонтана в екатеринбурге кассир
    в жулебино вакансии
    работа для мужчин в новороссийске водителем подольск вакансии
    в рыбном
    от прямых работодателей родники ивановская

  2. аватар
    Mariel 31 августа 2024 06:03

    гадание гадания i гадания на крестах экзамен руны да
    нет молитва георгию победоносцу о помощи и защите на русском к чему снится сжигать спички
    жена галицкого чем болела, жена галицкого википедия канал таро на ютубе отзывы

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив