2024 жылы жолдарды жөндеудің рекордтық көлемі туралы Көлік министрлігі хабарлады

2024 жылы жолдарды жөндеудің рекордтық көлемі туралы Көлік министрлігі хабарлады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы жол құрылысы маусымы аясында ҚР Көлік министрлігі 12 мың шақырым жолды құрылыс жұмыстарымен қамтымак. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Мәселен, республикалық маңызы бар 5,3 мың шақырым жолда жөндеу жұмыстары жалғасын тапса, 4,2 мың жергілікті маңызға ие жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Сонымен қатар көлік министрлігі салынғаннан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жолдарды орташа жөндеумен қамту бойынша жаңа ауқымды бағдарламаны іске асырады. 2,5 мың шақырым жол қамтылады. Жол негізін нығайта отырып, жолдарды жөндеу бойынша жаңа ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты тартылады.

Негізгі басымдылық «Астана – Балқаш – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Ақтөбе – Қандыағаш» және «Атырау – Астрахань» дәліздерін реконструкциялауды аяқтауға бағытталады.

Биыл қолға алынатын жаңа жобалар қатарында «Қызылорда – Жезқазған» (Ұлытау облысы бойынша), «Ақтөбе – Қызылорда» («Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қызылорда – Сексеуіл» учаскелері), «Қарағанды – Жезқазған» және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» бар.

«Жаңа ауқымды жөндеу бағдарламасын жүзеге асыру негізінде алдағы 2 жыл ішінде отандық жолдардың жағдайы туралы теріс пікірлерді өзгертуге ниеттіміз. Аталған бағдарламаға сәйкес 20 жылға жуық жөндеу жұмыстарын көрмеген жолдарды орташа жөндеу жұмыстарымен қамтымақпыз. Негізгі міндет – жол негізін нығайтып, сапаны жақсарту. Бұл облысаралық байланысты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, 4 облыстың аумағы арқылы өтетін «Жезқазған – Петропавл» автожолы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» тасжолын, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында Өскемен мен Семей арасындағы автомобиль жолын жөндейміз. Республикалық маңызы бар жолдар да, облыстық маңызға ие күре жолдар да басты назарда», – деп атап өтті ҚР Көлік министрі – Марат Қарабаев.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив