Көлік министрлігінде Digital Trade Corridor мультимодальды платформасы мен Tez Customs платформасының тұсаукесері өтті

Көлік министрлігінде Digital Trade Corridor мультимодальды платформасы мен Tez Customs платформасының тұсаукесері өтті

Көлік саласына жауапты министрлікте Транскаспий халықаралық көлік маршруты аясында сингапурлық Global DTC компаниясы әзірлеген DTC және Tez Customs платформасының тұсаукесері өтті

Өз кезегінде Global DTC компаниясының бас директоры Иеонг Уи Тан әзірленген Digital Trade Corridor (DTC) мультимодальды платформасы мен Tez Customs платформасының нәтижелерін көпшілік назарына ұсынды. Кездесу барысында Көлік министрі Марат Қарабаев және жиынға қатысушылар DTC платформасының функционалдық мүмкіндіктерімен, атап айтқанда жүк жөнелтушілер мен экспедиторларға жүктің орналасқан жерін және оның кедендік мәртебесін онлайн режимде бақылауға, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша көлік құжаттары туралы ақпаратты жаңарту арқылы бақылауға мүмкіндік беретін Track & Trace қызметімен танысты.

Айта кетерлігі, аталған платформа шеңберінде Қазақстан мен Әзербайжанда Track & Trace бойынша техникалық интеграция жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда Грузия мемлекетімен интеграция бойынша жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Сонымен қатар Қытай және Еуропа тараптарымен тиісті келіссөздер белсенді жүргізілуде.

Tez Customs платформасында алдын ала ақпаратты дайындау, транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеуді қамтитын қағазсыз кедендік транзиттік ресімдеудің автоматтандырылған процесі әзірленген болатын.

Аталған платформаны енгізгенен кейін электронды транзиттік декларациялау уақыты 30 минутқа дейін қысқарды. Жүйе іске қосылған кезде Tez Customs платформасында 6 мыңнан астам кедендік декларация өңделді.

Жалпы бұл шаралар халықаралық көлік бағыттары бойынша Қазақстан арқылы транзиттік жүктердің өтуі кезінде ашықтық пен жылдамдықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанның қортындысы бойынша ТХКБ дәлізі бойынша жүк тасымалы көлемі 33% өсті.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив