Қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен  қарау ерекшеліктері

Қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған кезден бастап сот жүйесін, жалпы құқықтық жүйені дамытуға ерекше көңіл бөлінді.  «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.  Судьялардың беделін көтеріп, тәуелсіздігін нығайтуға ерекше назар аударылды.  Сот жүйесін жетілдіруде сот ісін ұйымдастырудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ететін нормалар көрсетілген Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды.  Соның бір айғағы – аса ауыр қылмыстық істерді қарауға, оның ішінде қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарауға мамандандырылған соттардың құрылуы. Осы орайда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың басты ерекшелігінің бірі бұл сотта қылмыстық істердің  алқабилердің қатысуымен  қаралуында.

       Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу қылмыстық істерді қарауға және шешуге халық өкілдерін тарту болып табылады.     Бұл жерде сот құрамы бір жағынан қылмыстық оқиғаның болған немесе болмағанын анықтау және қылмыс болған жағдайда жаза тағайындау мәселелерін шешуге құқық берілген кәсіпқой емес алқабилерден, екінші жағынан барық мәселені құқықтық тұрғыдан шешуге құқылы кәсіпқой судьядан тұрады. Алқаби - санасы заң қағидаттарының ықпалынан тәуелсіз, қылмыс жасаған адамның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі туралы шешім қабылдаған кезде тек ар-ұятты, әділдікті және өзінің сенімін басшылыққа алатын алқа құрамына қылмыстық істер жүргізу заңының талабына сай іріктеліп алынған адам.

       Алқабилердің қатысуымен Қазақстан Респбуликасының  Қылмыстық кодексінде өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстық істер бойынша  қаралуға жатады.              

        Бұл орайда  айыпталушыға, сотталушыға өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыс жасағаны туралы айып тағылса, ол қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және де алдын ала  тыңдауды өткізу аяқталғанға дейін  өзіне қатысты қылмыстық істі  алқабилердің қатысуымен өткізу туралы өтінішін беруге құқылы. Яғни осындай  өтініш берілген және оны қолдаған  жағдайда міндетті түрде қылмыстық іс  алқабилердің қатысуымен қаралады.

       Қылмыстық іс бойынша сотталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының болуына немесе болмауына қарамастан міндетті түрде алдын ала тыңдау өтікізіледі. Егер сотталушы өз ісiн алқабилер қатысатын сотқа қарату туралы өз өтiнiшхатын растаса, онда судья осы өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы шешiм қабылдайды, бұл ретте басқа сотталушылардың пікірі ескерілмейді және мемлекеттiк айыптаушы, жәбiрленушi, сотталушы және оның қорғаушысы мәлiмдеген басқа өтiнiшхаттарды қарауға көшедi. Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау тәртiбi жүргізіледі. Судья істi алқабилер қатысатын соттың қарауына тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн сот отырысының хатшысына саны қаулыда көрсетiлген алқабиге кандидаттарды алқабиге iрiктеу үшiн олардың сот отырысына келуiн қамтамасыз ету туралы өкiм бередi.

        Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейiн төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысының хатшысы соттағы бiрыңғай және қосалқы (жылдық) тiзiмдерден алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргiзедi. Бiр сол адам сот отырыстарына алқаби ретiнде жылына бiр реттен артық қатыса алмайды.  Хабарлама алған азаматтар алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн сотқа келуге мiндеттi.  Төрағалық етушімен сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу өткізіліп, яғни  алқабиге кандидаттарды істі қарауға қатысудан босату, өздігінен бас тарту және қарсылық бiлдiру туралы мәселелерi шешіледі.

         Қазақстан Респбуликасының Қылмыстық-процестік кодексінде  алқабилер қатысатын соттың істі талқылауындағы, сот тергеуiндегі өзіндік ерекшелiктерi көрсетілген. Алқабилер сот процесінде сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысып, төрағалық етушi арқылы сұрақтар қойып, сот тергеуiндегi барлық  әрекеттерге қатысуға толық мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар,    төрағалық етуші алқабилердi дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректермен таныстыруға тиiс емес,  егер сот талқылауы барысында дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректер табылса,  оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы мәселенi алқабилер жоқ кезде шешіледі. Сот тергеуіндегі  маңызды ерекшеліктерінің бірі  мемлекеттiк айыптаушы айыптау актісінің қарар бөлiмiн жария еткен кезде сотталушының сотталғандық фактiлерi туралы еске салуға құқылы емес.    Сотталушының бұрынғы сотталғандығына байланысты, оны құнықпа маскүнем немесе нашақор деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердiң сотталушыға қатысты терiс түсiнiгiн туғызуға ықпал ететін өзге де мән-жайлар алқабилердің қатысуынсыз зерттеледі. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады. Жарыссөздiң бiрiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады, олар сотталушының бұрынғы сотталғандығын еске салмай, оның кiнәсiнiң дәлелденгенi немесе дәлелденбегенi жөнiндегi өз ұстанымдарын баяндайды. Ал жарыссөздiң екiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, сондай-ақ жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады, оларда сотталушының әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдары баяндалады. Жарыссөздiң екiншi бөлiгi алқабилердiң қатысуынсыз өткiзiледi. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығырылады. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне  іс-әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме; бұл іс-әрекеттi сотталушының жасағаны дәлелдендi ме; бұл іс-әрекеттiң жасалуына сотталушы кiнәлi ме, – деген үш негiзгi сұрақ қойылады. Сотталушының кiнәлiлiгi туралы негiзгi сұрақтан кейiн кiнәлiлiк дәрежесiн арттыратын немесе төмендететiн не оның сипатын өзгертетiн, сотталушыны жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын осындай мән-жайлар туралы жекеше сұрақтар қойылуы мүмкiн.  Жарыссөз аяқталғаннан және сұрақтар тұжырымдалғаннан кейiн судья және негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi. Алқабилер қатысатын сотта қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шығарылады және қылмыстық іс ақтау үкiмiн немесе айыптау үкiмiн қабылдаумен аяқталады.

 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық

сотының судьясы                                                                              

А.Сабыров 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

17 пікір

  1. аватар
    Indiana 12 января 2024 01:40

    An outstanding share! I have just forwarded this onto a co-worker who
    was doing a little homework on this. And he actually ordered
    me breakfast because I discovered it for him... lol. So allow me to reword this....
    Thanks for the meal!! But yeah, thanx for spending some
    time to discuss this subject here on your site.

    Feel free to visit my web page ... cytoxan avec ordonnance médicale

  2. аватар
    Genevieve 11 апреля 2024 23:56

    Hey there would you mind letting me know which webhost you're using?
    I've loaded your blog in 3 different browsers and I must say this blog loads a lot faster then most.
    Can you recommend a good hosting provider at a fair price?
    Thanks, I appreciate it!

    My web page Polly

  3. аватар
    Albertha 14 июня 2024 16:46

    расклад на миссию таро, таро предназначение значение карт тест линия жизни пройти субастик в опасности слушать онлайн 6 мечей башня 3 пентаклей и суд к чему снится кусает
    оборотень, к чему снится оборотень собака доклад планета солнечной
    системы, планеты солнечной системы по порядку

  4. аватар
    Quincy 15 сентября 2024 06:55

    Great website you have here but I was curious about if you knew
    of any user discussion forums that cover the same topics discussed here?
    I'd really like to be a part of online community where I can get suggestions
    from other knowledgeable people that share the same interest.

    If you have any recommendations, please let me know.
    Many thanks!

    my web blog - Ordina allegra senza prescrizione medica in Italia

  5. аватар
    Tia 16 сентября 2024 14:03

    программа для поиска телефона по imei, как найти телефон по imei
    коду в домашних условиях тжб 10 сынып алгебра, тжб 10 сынып алгебра гуманитарлық бағыт недвижимое имущество примеры, квартира это недвижимое имущество бала
    неге жылауык болады, бала неге кушене береди

    Check out my homepage: атомдық масса бірлігі

  6. аватар
    Lisa 3 октября 2024 09:04

    кросс жүгіру дегеніміз не, жүгіру түрлері
    анама арнаймын тәрбие сағаты, ана асыл жан тәрбие сағаты кабинет химии оформление, кабинет химии прайс лист әйел еркектің айнасы, ер мен әйел
    арасындағы махаббат

    Feel free to surf to my web page импульс сақталу заңы есептер

  7. аватар
    Kenton 10 октября 2024 22:54

    скорпион адамға қандай зодиак сәйкес
    келеді холодильник ava arf-630wg, холодильник snowcap sbs combo nf 695 i серый асық иіру түрлері, асық
    көздеу роль углекислого газа в атмосфере, углекислый газ
    дыхание

    My web blog; білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілер

  8. аватар
    Nancy 14 октября 2024 21:52

    сендерге ардайым орын бар, ақ қайыңдар төгіліп нұр шашады скачать отдам дом в деревне
    бесплатно, отдам заброшенный
    дом толарсақ сүйегі корреспонденция деген не не, толарсақ
    сүйек саны қар сөзімен түбірлес
    сөздер, түбірлес сөздер қатарын тап

  9. аватар
    Adriana 16 октября 2024 07:58

    планета отдыха, планета электроники,
    алматы динара алжан - киылып караганым, динара
    алжан жаным менің панкейки из банана и
    овсянки 1797 жылы барон игельстром,
    1797 жылы сырым датұлын қудалаған кіші жүз билеушісі

    Take a look at my web site ... биология
    мұғалімі проходной балл

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив