Полицейлердің интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмысы СҚО тұрғынын 6 миллион теңге шығыннан құтқарды

Полицейлердің интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмысы СҚО тұрғынын 6 миллион теңге шығыннан құтқарды

Мамлют ауданының полиция бөліміне аудан орталығының 43 жастағы тұрғыны жүгініп, әлдебіреудің «банктен хабарласып тұрмын» деген қоңырауына сеніп қалғанын айтқан. Тұтқаның арғы жағындағы бейтаныс адам тұрғынның атына біреулер несие ресімдегелі жатқанын хабарлаған. Санаулы минуттардан кейін полицей формасын киген жалған қызметкер видеоқоңыраумен хабарласқан. Ештеңеден күдіктенбеген тұрғын ұялы телефонына бейтаныс қосымшаны жүктеп алған жағдайда осы проблеманы шешіп берем деп уәде еткен.

Белгілі болғандай бұл құрылғыны қашықтықтан отырып басқаратын «HopToDesk» қосымшасы болып шыққан. Ер адам бұл қосымшаны орнатып, алаяқтарға телефонын емін-еркін басқаруға жол берген. Алаяқтар оның телефоны арқылы түрлі банктерде несие ресімдей бастаған. Алынған несиенің жалпы соммасы 6 миллион теңгені құрады.

Аудан тұрғыны бірден полицияға жүгінді. Қуанышқа орай, ер адамның атынан несие ресімдеуге жасалған тапсырыстар мақұлданбады. Бұған дейін полицейлердің кеңесі бойынша «E-gov mobile» қосымшасы арқылы несие ресімдеу мүмкіндігін бұғаттағаны есіне түсті.

«Бұл – интернет-алаяқтардан қорғанудың сенімді құралдарының бірі, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов. – Біздің қызметкерлер мүдделі органдармен бірлесіп, үй-үйді аралау кезінде аудан тұрғындарына несие алуды бұғаттаудың осындай мүмкіндігі бар екенін айтады. Азаматтардан «банктен» келіп түскен қоңырауларға сенбеулерін және бөгде үшінші тұлғалардың қысымымен ешқашан қаржылық операцияларды жасамауларын сұраймыз».

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив