Нашақорлықтың алдын алу отбасыдан басталады
Қазіргі таңда нашақорлық бұл - шексіз зұлымдық және есірткінің қауіпсіз қабылдау тәсілдері немесе қауіпсіз есірткі жоқ екені, есірткіні ешкім сауатын ашып, білімін толықтыру үшін қабылдамайтыны мәлім. Нашақорлық - барлық ел үшін жұт. Өкінішке орай нашақорлар саны азаяр емес.
Нашақорлық отбасына келген сәттен бастап өзінің зұлым желісімен барлығын және әрқайсысын орап байлай бастайды. Нашақорлық ісік секілді өз жолындағы барлық тіршілік иесін жояды. Ата-аналар, әсіресе аналар азап шегеді, баласының нашақор болғандығына өздерін кінәлайды. Туыстары оларға және бүкіл отбасына кінә артады, ойларынша «жақсы жанұяда нашақорлар болмайды».
Әдетте, нашақорға жасөспірім шағында айнала бастайды. Өкінішке орай ата-аналар жасөспірімдерге қалағандай көп көңіл бөле бермейді, сондықтан да баласының инеге отырғанын жиі байқамайды. Ата-аналар баласында тәуелділік қалыптасып, мінезінде өзгеріс пайда болғанда, үйден ақша мен бағалы заттар жоғала бастағанда ғана дабыл қағып, үрейленеді. Бұл кезде жас нашақорлар есірткіге айтарлықтай мән бермейді. Олар үшін есірткі – ермек сияқты.Олар есірткіні қалаған сәтінде тастап кетеміз деп ойлайды. Жастар есірткі пайдалану «керемет» деп ойлайды, өйткені көптеген жұлдыздар жасырмастан есірткі қабылдайды. Жасөспірім «неге маған да қабылдамасқа?» деп шешеді. Әрине, есірткіге өте сақтықпен қарайтын жастар да бар. Олар есірткі қабылдаса да, инеге отырмас үшін қолдан келгенінің бәрін жасайды. Олардан бөлек, достарының қысымына қарсы тұрып, есірткі қабылдаудан бас тарта алатын жасөспірімдердің белгілі бір санаты да бар.
Жасөспірім нашақорға айналғанда, ата-анасы баласына бір нәрсе болғандығын бірден байқамайды. Мәселе мынада, жасөспірімде күшті есірткі сатып алуға ақшасы жоқ болғандықтан, не бар соны қабылдауға мәжбүр болады. Нәтижесінде, нашақорлықтың белгілері мен симптомдары бірте-бірте көріне бастайды. Әдетте, ата-аналары баласы сырттан келгендегі оғаш көзқарасын, тәбетінің артқандығын және сұйықтықты көп мөлшерде ішкісі келетіндігін байқайды. Ақырында баласының есірткі қабылдай бастағанын түсінген ата-ана, көмек сұраудың орнына баласымен дауласып, есірткі қабылдаудан бас тартуын (мүмкін емес нәрсені) талап етеді.
Ата-аналары не істеу қажеттігін білмей, дал болады, өздерін кінәлай бастайды. Олар өз өмірлеріне ой жүгіртіп, қай жерде шатасқандарын білмей анықтауға тырысады. Ата-ана ересек болса да, балаға көмектесудің орнына, өздерін мән-жайдың құрбандары ретінде сезініп, тағдырды, өмірді әділетсіз деп айыптаумен болады. Нашақор ата-анасының алдында өзінің кінәлі екендігін мойындайды, алайда ол оның есірткіден айырылуына себеп бола алмайды.
Өздеріне жағдайдың құрбаны ролін алған ата-аналар мен «кінәлі болған» нашақор жасырын одақ құрады. Ата-аналар есірткінің қауіпті екендігін түсінеді, бірақ бейсаналық түрде нашақорға жағуға тырысады, себебі ол өз кінәсін мойындады деп есептейді. Ата-анасы «құтқарушылар», ал нашақор — тұтынушы рөлінде болады. Бұған сену қиын, бірақ кейбір ата-аналар нашақор-балаға есіркті алу үшін ақша береді.
Ерте ме, кеш пе ата-аналар емделу керектігін шешіп, дәрігер-наркологқа жүгінеді. Алайда, емдеу курстарының әсер етпейтіндігіне тез-ақ көздері жетеді. Детоксикация курсы мен ұзақ психологиялық әңгімелесулерге қарамастан, жасөспірім қайтадан есірткі қабылдай бастайды. Басқаша айтқанда «кінәлі» нашақор ата –анасының көңілін қалдырады.
Зерттеулер көрсеткендей оңалтудан өткен нашақорлардың мінез-құлқы өте тұрақсыз болып келеді. Нашақорлар есірткіден тазартылады алайда, клиника оларға қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесе алмайды. Оның үстіне, ата-аналары емделіп шыққан нашақорға сенбей оны үнемі бақылап отырады.
Нашақор наркологиялық клиникадан емдеу курсынан өткен кезде, ол болашаққа үлкен жоспар құрады. Олар тәуелділіктен емделіп жатқандығына қуанады, ал ата-аналары баласының толыққанды өмір сүретіндігіне қуанады. Алайда, бұл арман болып қалады. Емделіп шыққан нашақор кейін неге өз армандарын жүзеге асыра алмайды? Бұл сұраққа жауап беру қиын емес: клиникада емделу көп күш салуды қажет етпейді; нашақор өзінің армандарында өмір сүреді және армандарына қол жеткіздім деп сене бастайды. Басқаша айтқанда, бүкіл жасампаздық «бу» басқа жаққа кетеді. Нашақор жоқ бейнеге бой алдырып, емханадан шыққаннан кейін әлемнің қатыгез екендігін, оңайлықпен ешнәрсенің болмайтындығын түсініп, есірткіден жұбату табады.
Не істеу қажет? Жауап біреу ғана: ем қабылдап, оңалудан өтіп қана қомай, нашақордың әлеуметтенуіне көмек көрсету қажет.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын түсіндіру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу».
«Шаг в будущее» Қоғамдық қордың маманы
Жиенбаева Алтын Камзийқызы
[xfvalue_img]