Қазалыда пробация есебіндегі жасөспірімге көмек көрсетілді

Қазалыда пробация есебіндегі жасөспірімге көмек көрсетілді

Қазалы аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек түрін жиі ұйымдастырады. Бүгін «Агро-Өркен» ЖШС мен пробация қызметкерлері пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған азаматқа қайырымдылық көмек көрсетті.

«Жуырда аудандық пробация қызметінің  есебіне кәмелет жасқа толмаған «Денсаулыққа қасақан ауыр  зиян келтіру» бабымен істі болып, 1 жыл шартты түрде сотталған азамат есепке алынды. Оның тұрмыс жағдайын зерделеу барысында  жағдайы төмен екендігі анықталып, азық- түліктей көмек көрсетілді.  Қазіргі таңда заңды өкілінің қатысуымен бұл жасөспіріммен психологиялық, тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізілуде. Жастықпен аңдамай басқан қадамының соңы жаза екендігін түсіндіріп, қайта қылмыс жасамауының алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілетін болады» ,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Сражатов.

««Агро-Өркен» ЖШС-нің басшысы мен пробация қызметкерлеріне алғыс айтамын. Тұрмыс жағдайыммен танысқан пробация қызметкерлері тез арада көмек көрсетті. Жасаған қылмысыма қатты өкінемін.Енді түзелу жолына түсіп,  өзімнен кейінгі іні-қарындастарыма үлгі болғым келеді » - деді есептегі жасөспірім. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив