Әкімшілік юстиция-сот жаңа форматта

Әкімшілік юстиция-сот жаңа форматта

  2020 жылдың маусым айының аяғында (29) Президент Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қол қойды.

Бұл кодекс екінші тарап мемлекеттік органдар болып табылатын азаматтық істер бойынша азаматтардың құқықтарын қорғаудың дұрыс, оңтайлы механизмін қалыптастырған.

Қандай да бір заңды қабылдау маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу қажеттілігімен тығыз байланысты. Еліміздің Конституциясында мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам деп көрсетілген, оның өмірі құқықтар мен бостандықтары. Олардың қорғалатындарына кепілдік берген, соның ішінде сот арқылы да.

Алайда, азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде жария құқықтық дауларды қарағанда, тараптардың жарыспалылығы мен құқықтылығы (теңдігі) қағидаларын басшылыққа алғандықтан қазіргі күнде қарапайым азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау өз деңгейінде емес екендігі ащы да болса шындық.

Президентіміз өз жолдауында «Биліктің шешімі мен әрекеттеріне не әрекетсіздігіне сотқа шағым келтіргендегі жария құқықтық дауларды қарағанда азаматтар көбінесе мемлекеттік органдармен тең емес жағдайда қалып жатады. Олардың мүмкіндіктері мемлекеттік аппараттың ресурстарымен бара-бар тепе-тең келе бермейді. Сондықтан осы айырмашылықты жоққа шығаратын ерекше механизм-әкімшілік юстицияны ендіру қажет.»

Әкімшілік юстиция жаңа институт емес, ол көптеген мемлекеттерде бұрыннан жұмыс жасап келеді және құқықтық мемлекеттің ең маңызды атрибуты болып саналады, «еститін мемлекеттің» мықты тірегі, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауға кепілдік болып табылады.

Сондықтан ӘРПК-ны қабылдау – мемлекетіміздің құқықтық мемлекетке лайық жасаған елеулі әрекеті. Енді талап арыздар мемлекеттік органдардың кінәлілігі презумциясымен қаралады, себебі олар өздерінің шешімдерінің,  әрекеттерімен әрекетсіздіктерінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуі қажет.

  Талапкер сотқа талап арыз берсе жеткілікті, сот талапты дұрыс қоюға, формальды қателіктерді түзеуге көмектеседі және өз шешімінің орындалуын бақылайды.

Алдағы уақытта мемлекеттік органдар әкімшілік органдар болып аталады, яғни халықаралық шарттарға сәйкестендірген.

Мемлекеттік органдардың шығаратын актілері әкімшілік актілер деп аталады.

Әкімшілік акт-жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім

         Ауыртпалық салатын әкімшілік акт (Обремениттельный)– әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартатын, шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде нашарлататын акт;

Қолайлы әкімшілік акт (Благоприятный) – әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асыратын немесе оған жүктелген міндетті тоқтататын, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде жақсартатын акт;

Кодекс заңсыз ауыртпалық салатын әкімшілік актілер әрқашан бұзылатынын, ал заңсыз қолайлы әкімшілік актілерді бұзарда сенім құқығы қағидасы ескеріледі.

   

Журабаев Б.Ш.

БҚО МАЭС-ның   судьясы                                                

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив