Балаларға алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілік

Балаларға алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілік

Кәмелетке толмаған балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстанның құқықтық саясатының басым бөлігі.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 бөлігі 27 бабының тармағына сай балаларды тәрбиелеу әрбір ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады.

Қазіргі таңда тәжірбие көрсетіп отырғандай басты мәселелердің бірі алимент төлеуден жалтарғандарға алиментті  өндіру әдістерінің болмауы.

Егер де алимент төлеуші жұмыссыз бола тұра жұмыс іздемесе, тырыспаса алимент мөлшерін өндіру орта есептік көрсеткіштегі жалақы мөлшерімен есептеледі. Көп жағдайларда әйел адамдар алимент төлеп жатқан ер адамының жалақысы көп бола тұра аз мөлшерде алимент төлейтінін және жалақысының көрсеткеннен де көп екенін дәлелдей алмай, көбінесе заңгерлердің көмегіне жүгінеді.

Сот азаматтық істерді қарау барысында,соның ішінде ата-аналық құқықығынан айыру туралы істі қарау кезінде жауапкердің біраз уақыт бойы алимент төлемеуімен қатар төленбеген алимент өте үлкен мөлшерде қарыз болып жиналғандығы анықталып жатады.

Борышкерлер өзінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағу үшін алимент төлемеген жағдайда олараға қатал жазалар қолданылады,талаптарды мәжбүрлеп орындау және алимент өндіру туралы атқарушылық құжат шығарылады.

Борышкерлерге ықпал етудің елеулі шаралары болып Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, рұқсаттар мен лицензияларға және көлік құралдарын айдауға уақытша шектеу қою болып табылады, сонымен қатар алимент төлеуден жалтарған жағдайда борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ҚР-ның ҚК-нің 139 бабына сай 3 айдан астам уақыт бойына кәмелетке толмаған балаға борышкер алимент төлемесе 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығын шектеуі немесе айыруы мүмкін.

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2020 жылдың 12 айында  ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша сот үкімімен 14 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 3 тұлғаға бас бостандығын шектеу қойылған, 11 тұлға   қоғамдық жұмысқа тартылған,.

Борышкерлерден алимент өндіруді уақытылы және кешенді іске асыру бала құқықтарын қорғау дәрежесін арттыруға айтарлықтай мүмкіндік береді. 

Батыс Қазақстан облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив