Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылығы

Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылығы

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 70 бабына сай, ата-аналар өз баласын тәрбиелеуге міндетті. Бірақ, кейбір ата-аналар бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін толық орындамай жатады. Әрбір ата-ананың міндеті өз балаларын асырап бағу және олардың тәрбиесімен айналысу болып табылады. Балаларына қамқорлық таныту, оларды бағу ана мен әкенің оратақ міндеті. Сол себепті балалары үшін жауаупсыздық танытқан ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сонымен, Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2020 жылдың 12 айында  ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы бойынша  (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау) айыптау туралы 174 әкімшілік іс қаралды.

Оның ішінде 120 іс бойынша әкімшілік жаза қолданылған, 54 іс бойынша оның әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты әкімшілік іс  өндірісінен қысқартылған.

Балалардың ата-аналары немесе басқада заңды өкілдері өз қабілеттеріне қарай баланың жан-жақты дамуы үшін қаржылай жағдай жасауға міндетті.

Ата-ананың қамқорлығының, отбасындағы қалыпты микроклиматтың болмауы, ата-аналардың балаларға тиісті материалдық көмек көрсетпеуі, олардың мінез-құлқын бақыламауы жасөспірімнің қоғамға қарсы әрекет жасауына негіз бола алады. Алайда жас өспірімдердің мінез құлқының өзгеруіне олардың ата-аналарымен қарым қатынасы,ата-аналарының оларға деген көзқарасы және отбасындағы басқа да жағдайлар әсер етеді.

Құқық бұзушылықтың алдына алу және іс жүргізу нормалары бұзылған жағдайда сот ювеналды полиция қызметкерлері мен прокурорлардың атына 26 жеке қаулылар шығарады. 

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив