Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдары

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдары

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында онлайн режимінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы М.А.Құрмашев, әкімшілік сотының судьялары Е.Е.Халықов, Б.Т.Нұрмағамбетова, Орал қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Н.И.Мендыханов, Орал қаласы полиция басқармасының ЖПҚБ бастығының орынбасары Ж.Р.Дуйсимов қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Мағауия Құрмашев дөңгелек үстел тақырыбында баяндама жасады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдарды талқылауды ұсынды. Жинақ мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалғанын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін жаңа форматта тиісті түрде жасау үшін бірқатар ұсынымдардан тұратынын атап өтті.

Қабылданған шешімнің уәждемесін ұғынықты, сауатты көрсету және сот актісінің құрылымына қойылатын талаптарды сақтау маңызды екендігіне қатысушылардың назарын аударды. Бұл ретте, қаулы шығару кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерімен жиналуы жүзеге асырылатын іс материалдарынан туындайтын мәселелер мен қиындықтарға ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында сот актісі мен сотқа дейінгі тексеру материалдарының сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды. 

Руслан Демеуов

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив