«Сот кабинетінің» маңызы зор

«Сот кабинетінің» маңызы зор

       Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот төрелігінің тиімділігін арттырып, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық. Осы орайда сот саласының қызмет көрсету сапасын арттырған «Сот кабинеті» электрондық жобасы бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға мұрындық болған, электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік берген жүйе әсіресе қазіргідей төтенше жағдай режимі кезінде аса маңызды рөл атқарып отыр.  
      «Сот кабинеті» — бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе. Ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға да пайдасын тигізеді. Ең бастысы заман талабына сай электронды құжат айналымы жұмыстарын күшейтуге оң ықпал етті. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың «sud.kz» ресми сайтында іске қосылған. Ол соттың да, сотқа жүгінген азаматтың да уақыты мен жұмысын азайтады, себебі электрондық операцияларға 3-5 минуттан ғана уақыт жұмсалады, бұл азаматтың сот кеңсесіне барып, кезегін күтіп, жолына және құжаттарға қатысты біршама жұмсалған қаражатына қарағанда неғұрлым тиімді екені көз жеткізіп отырмыз. Азаматтарды үйден шықпауға, соттаспай бітімге келуге барынша үндеп отырған қазіргі кезеңде онлайн жүйенің маңызы айтпаса да түсінікті. Сондықтан  жүйенің  ыңғайлылығына байланысты, қоғам тарапынан оны пайдаланушылардың саны күн өткен сайын көбеюде.

    Тәжірбие көрсетіп отырғандай, біріңғай электрондық құжат айналымы қағазбастылықтан құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге, түрлі шығындарды азайтуға да айтарлықтай септігін тигізуде. Сондай-ақ, құжат айналымының электрондық тәртіпке көшуі мемлекеттік мекемелердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп отырғаны байқалады. Сондықтан қазірдің өзінде мамандар тарапынан жемқорлықтың алдын-алуда таптырмас тәсіл ретінде бағаланып отыр. Түрлі қызметтерді онлайн топтастырған, қағазбастылықтан арылтып, жемқорлықтың жолын кесетін мұндай электронды қызметті алдағы уақытта жетілдіре түсу міндеті тұр.

   Жалпы еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріліп келеді. Ширек ғасырдан астам уақытта елімізде сот билігі толық қалыптасып, түрлі реформалар жүзеге асты. Соттар заманның заманауи жетістіктеріне қол жеткізді, соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды.

Искакова Айгул, Жаңақала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Allen 21 сентября 2023 01:05

    Woah! I'm really enjoying the template/theme of this blog.
    It's simple, yet effective. A lot of times it's very difficult to get that "perfect balance" between user friendliness and appearance.
    I must say you have done a fantastic job with this. Additionally, the blog
    loads extremely fast for me on Internet explorer.
    Exceptional Blog!

    Also visit my homepage: Spanische Online-Apotheke

  2. аватар
    Josette 12 апреля 2024 06:22

    I have been exploring for a little bit for any high-quality articles or blog posts in this sort of space .
    Exploring in Yahoo I ultimately stumbled upon this site.
    Studying this information So i am glad to convey that I have an incredibly just right uncanny feeling I discovered just what I needed.

    I most surely will make certain to do not fail to remember this site and provides it
    a glance on a relentless basis.

    Feel free to visit my page: Buy kaletra safely from trusted online stores

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив