Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты

Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты

Ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан үш асыл қазыналы - елдігімізді, ұлан-байтақ жерімізді, қасиетті де бай тілімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыруда барлық мәселені алыстан болжап шешіп, елдігімізді сақтап қалуға ұйытқы болған алғыр жандарымыз бен билеріміздің, хас батырларымыздың ерен еңбегі мен ерлігін айтып жеткізу қиын. Осы құндылықтарымыздың қатарында қасиетті қазақ тіліміз баға жетпес байлығымыз. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.

Конституцияға сай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Тәуелсіздік алғалы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында түрлі бағдарлама қабылданды. Мысалы, "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдрламасы". Осы бағдарламамен мемлекеттік тілдің мемлекеттің басқару тілі ретінде қолданылуы, іс жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшіруді, т.б. қамтамасыз ету міндеттелді. Айта кетерлігі, аталған бағдарламаға сай, Жоғарғы Сот төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы №36 өкімімен республика соттарындағы ісқағаздар мемлекеттік тілге толық көшті. Бірақ, тілге қатысты мәселе түбегейлі шешілді дей алмаймыз. Себебі, жоғарыда айтылғандай, ел азаматтарына тікелей байланысты. Мысалы, заң бойынша талап арыз сотқа қай тілде түссе, іс сол тілде жүргізіледі. Сотқа ресми тілде жүгінетіндер басым. Адвокаттар мен заңгерлердің көбі орыс тілді, олар өздеріне ыңғайлы тілді таңдайды. Сотқа қай тілде жүгіну, әрине, заң бойынша азаматтардың өз құқығы. Дегенмен мемлекеттік тілге құрмет көрсетіп, сол тілді сөйлеу әрбір қазақстандықтың міндеті екенін ұмытпағанымыз жөн.

 А.Искакова

Жаңақала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі                                         

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив