Орал қаласының №2 сотында меншікті бөлу жөніндегі ұзаққа созылған дау партисипативтік тәртіпте шешілді

Орал қаласының №2 сотында меншікті бөлу жөніндегі ұзаққа созылған дау партисипативтік тәртіпте шешілді

 «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз екі жақтың адвокаттарының немесе заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың көмегімен дауды шешу туралы тараптар арасындағы келіссөздер арқылы жүзеге асырылады.

Батыс Қазақстан адвокаттар алқасының адвокаттары  З.М.Ибраева және Е.Е.Құрманғалиеваның тараптармен бірнеше рет жүргізген келіссөздері дауды бейбіт жолмен шешуге бағытталып, нәтижесінде дұрыс және уақытында ерлі-зайыптылар арасындағы дауды тоқтату туралы шешім қабылданды. Өйткені бөліске түсетін ерлі-зайыптылардың көптеген мүлкі кейін негативтерге, жаңа қақтығыстардың пайда болуына, болашақта дау екі жақтың да, кәмелетке толмаған баланың да психологиялық жарақатына айналуы мүмкін еді.

Осылайша, судья Г.У.Батыргалиевамен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұны қаралып, оны бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымы шығарылды.
Мемлекеттік баж негізгі және қарсы талап бойынша, қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес қайтарылып берілді.

Өңірдің заңгерлері дауларды шешу кезінде медиацияның екі жағына да сәйкес келетін жанжалды шешудің нұсқаларына қол жеткізу үшін мақсатты түрде жұмыс жасайтындығы қуантады, бұл тараптардың жанжал деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
Келісімді бекітуге жіберген кезде, әріптестер егер ерлі-зайыптылар болашақта бірге өмір сүргісі келсе, адвокаттардың мүлікті бөлуге қатысты ар-ұжданы таза болады деген сындарлы пікір білдірді. 

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 сотының бас маманы

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив