Сот отырысында тәртіп бұзушыларға қолданылатын шаралар

Сот отырысында тәртіп бұзушыларға қолданылатын шаралар

Бүгінгі таңда еліміздің сот-құқықтық жүйесінде үлкен түбегейлі өзгерістер орын алды.

Сот төрелігі қоғамға және оның азаматтарына ашық, жариялы, қолжетімді бола түсті. Мемлекет және қоғам сот корпусына және сот билігін жүзеге асыратын тұлғаларға жоғары талаптар қояды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75, 76-баптарында Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратыны белгіленген.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот іс бойынша заңды және негізді шешім шығару үшін заң талаптарының сақталуына кепілдік беретін мемлекеттің органы болып табылады.

Сот төрелігінің міндеттері процеске қатысушылардан, сондай-ақ сот отырысына қатысып отырған барлық азаматтардан сот отырысының белгіленген тәртібін қатаң сақтауды талап етеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 119-бабының 1-бөлігінде сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданатыны бекітілген.

Сот талқылауының барысына басшылық ету төрағалық етуші судьяға жүктелді. Іс бойынша төрағалық етушінің іс жүргізу заңнамасының барлық талаптарын орындауы, сот процесінің барысын шебер, ойлы және әдепті басқаруы істің мән-жайларын тиісті зерттеуді және ақиқатты анықтауды қамтамасыз етіп ғана қоймай, сонымен қатар сот процесіне тәрбиелік мән береді.

Сотқа және төрағалық етушінің өкімдеріне айқын құрметтемеушілікті куәландыратын, істі бірқалыпты талқылауға кедергі келтіретін іс-әрекеттер сот отырысында тәртіптің бұзылуы деп танылады. Оларға сот отырысының регламентін бұзатын әрекеттер, сондай-ақ процеске қатысушылардың анық әдепке жат мінез-құлқы жатады. Осыған байланысты азаматтар сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін туындайтын жауапкершілік туралы, сотқа келмегені үшін, процеске қатысушыларды қорлағаны үшін қандай құқықтық салдары болуы мүмкін екенін білуі керек.

Мұндай фактілердің жолын кесу үшін заң шығарушы сотты құрметтемегені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті белгілеген. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, бұл адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Заңға қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) жауапкершіліктің бір түрі қолданылуы мүмкін.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауаптылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабында көзделген және мынадай жағдайларда басталады:

- Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттерден (әрекетсiздiкден) көрінген сотты құрметтемеу-ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға;

- осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 410-бабында көзделген сотты құрметтемегені үшін қылмыстық жауаптылық сотты құрметтемеу сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан не судьяны және (немесе) алқабиді қорлаудан көрінген жағдайларда басталады. ҚР ҚК осы бабының әрекеті сот талқылауына қатысушылардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған, оларға өз кезегінде көбінесе соттың мемлекеттік билік институты ретіндегі беделі тәуелді болады.

ҚК-нің 410-бабы 1-бөлігінің санкциясы сот талқылауына қатысушыларды қорлағаны үшін  бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Судьяны және (немесе) алқабиді қорлаудан көрінген іс-әрекет үшін ҚК-нің 410-бабы 2-бөлігінің санкциясында екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

Кез-келген азамат сот процесіне қатыса отырып, өзіне ғана емес, сотқа және сот талқылауының басқа да қатысушыларына құрмет көрсетуі керек.

Егер ол судьяны қоса алғанда өзге қатысушыларды да құрметтемеген жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін екенін, сондай-ақ, осындай құрметтемеудің кез-келген көрінісі, жалпы мемлекеттік билікке деген құрметсіздік деп танылатынын білуі тиіс. 

Нұр-Сұлтан қаласы

Алматы аудандық сотының судьясы 

А.Б. Жангулова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив