Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» атты  тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Бүгін Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» атты тақырыбында  семинар сабағы өткізілді.

Аталған семинар сабағына соттың төрағасы, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

   Сот төрағасы Е.М.Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот шешімдерін, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар екенін, яғни соттың заңды күшіне енген актілері орындалуға міндетті екендігін атап өтті. Сонымен қатар, сот төрағасы Е.М.Дүйсенбаев семинар сабағын өткізудің мақсаты азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің ұзақ уақыт бойы орындалмауының салдарын анықтау болып табылатынын қосып өтті.

Семинар сабағы барысында қатысушылар сот актілерін орындау кезінде туындайтын күрделі мәселелерді талқылап, шешу жолдарын анықтады.

Кеңсе меңгеруші Р.С.Әбдіқұлов өзінің баяндамасында қатысушылардың назарына 2012-2020 жж. аралығында азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша айыппұл, мемлекеттік бажды өндіру, сот шығындары және мәжбүрлі түрде жәбірленушілер өтемақы қорына айыппұл өндіру бөлігінде сот актілерінің орындалмай жатқандығын айтып өтті.

Сот төрағасы Е.М.Дүйсенбаев атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңының талаптарына сәйкес, сот орындаушылардың атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізу қажеттігін айтып өтті.

Осыған байланысты, қылмыстық істер бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен айыппұлдарды өндіру мүмкін болмаса, кәмелеттік жасқа толып кеткен cотталушыдан өндіру туралы ұсыныспен тиісті мекемелерге жүгінуін айтып өтті.

  Іс-шараға қатысушылар тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылап өзара пікір алмасты. 

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив