Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу үшін сотқа жүгінуде нені білу керек?

Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу үшін сотқа жүгінуде нені білу керек?

Неке  және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 138 бабына сәйкес, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.

Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім жасасуға құқылы.

Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.

Кәмелетке толмаған балалар үшін алиментті өндіріп алу бұйрықтық немесе талап қою тәртібімен жүзеге асырылады.

Алиментті өндіріп алу талап қоюшының өз таңдауы бойынша немесе жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша сотқа жүгінуге болады.

Кәмелетке толмаған балалар үшін алимент өндіру туралы сот бұйрығы

әкелікті немесе аналықты танусыз және үшінші тұлғаларды қатысуынсыз шығарылады. 

Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндірі алу үшін сотқа жүгінуге келесі тұлғалар құқылы:  бала асырауында қалған ата-анның бірі, баланың қақоршысы, патронатты тәрбиеші, асырап алған ата-аналар, бала мекендеген балалар үйінің әкімшілігі, қамқоршы мен қорғаншы міндеттерін атқаратын адам, қорғаншылық пен қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын өкілетті орган.   

Кәмелетке толмаған балалар үшін алимент өндіру үшін сотқа жүгіну кезінде келесідей құжаттар ұсынылу керек: баланың туу туралы куәлігі, некені қию немесе бұзу тураы куәлік, ал егер бала некесіз туылған болса, әкелікті тану туралы құжат, яғни алимент өндірілуге жататын тұлға баланың ата-анасы екендігін дәлелдейтін құжат, баланың арызданушымен бірге тұратындығын дәлелдейтін құжат. 

Алимент сотқа жүгінген кезден бастап тағайындалады.

Егер талап қоюшы сотқа жүгінгенге дейін кәмелетке толмаған баланы бағып-күтуге жауапкерден қаражат талап етілген, алайда жауапкер алимент төлеуден жалтарған немесе төлеуден бас тартқан жағдайды судья назарға алса, сотқа жүгінген мезгілден үш жылға дейінгі алимент өндірілуі мүмкін.

Арызданушының алимент алу мақсатында, алиментті өндіру туралы сот бұйрығын беру туралы арыздануы, егер сот бұйрығы жауапкердің арызы бойынша сот бұйрығы бұзылған болса, талапкердің жауапкерге алимент төлеу туралы мәмілеге отыруға ұсыныс жасауы арызданушының алимент өндіру үшін жағдайлар жасағаныболып саналады.

Алимент өндіру үшін сотқа жүгінуде, алиментты төлеу туралы наториалды куәләндырылған мәміленің болмауы қажет.  

Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы 

Еңбекке жарамды ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын күтіп-бағуға міндетті.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент мөлшерін сот алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, айқындайды.

Алимент өндірілуге жататын  еңбекке жарамсыз кәмелетке толған тұлғалар белгіленген тәртіппен I және II топтағы мүгедектігі танылған болу керек. 

Кәмелетке толған еңбекке жарамсыз тұлғалар үшін алимент өндіру кезінде, олардың жас ерекшелігіне қарай, денсаулық жағдайына қарай және басқа да мән-жайларға қарай өмірлік қажеттілігін өтеу үшін материалдық жағдайы, мемлекеттен алынатын әлеуметтік және жәрдемақының жеткіліктілігі және ата-аналарының материалдық және отбасылық жағдайы  тексеріледі.

Күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу үшін алимент 

Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, егер ата-аналар өздерінің жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен, баланың бұрынғы жағдайын сақтай отырып, екі жақтық материалдық, отбасылық және басқа да мән-жайларды ескере отырып,  өндіріп алынады.

Күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі.

Жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларға алимент мөлшерін сот алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, айқындайды. 

Ата-аналардың балаларды күтіп-бағуға арналған қосымша шығыстарға қатысуы 

Кәмелетке толмаған балалардың немесе көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар болған кезде сот осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға ата-аналардың әрқайсысын тартуы мүмкін.

Егер ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртібі және осы шығыстардың мөлшері екі жақты келісім бойынша айқындалмаса, онда сот ата-аналардың, басқа да балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, ай сайын төленуге тиісті алиментті төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.

Сондай-ақ, соттың ата-аналарды кәмелетке толмаған балалардың немесе көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың болашақта қажет болатын қосымша шығыстарды көтеруге міндеттеу құқығы бар. 

Салтанат Асанова 

Нұр-Сұлтан қаласы

Алматы аудандық сотының судьясы                            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив