Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды, осы Заң жобасы еліміз Президентінің тапсырмалары аясында азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту және оңтайландыру мақсатында қабылданды.

Құжаттың басты мақсаты – процесті оңтайландыру, оны заманауи және сот үшін де, процеске қатысушылар үшін де ауыртпалықсыз ету болып отыр.

Ол замануи жағдайда соттардың форматын, істерді шешу тәсілдерін жетілдіру және процестердің жарыспалылығы қағидатын ұстануға, татуласу рәсімдерін дамытуға; азаматтық процесті одан әрі цифрландыруға; соттың күрделі емес мәселелерді тараптарды шақырмай қарауына байланысты процестік әрекеттерді оңтайландыруға, артық процестік әрекеттер мен сот актілерін қысқартуға бағытталған.

Заң жобасы сондай-ақ, электрондық хаттамаға, процеске қашықтықтан қатысуға, процеске қатысушылардың электрондық гаджеттер мен басқа да техникалық құралдарды пайдалануына қатысты басқа да жаңалықтарды, өзінің мәні бойынша құқықтық жүктеме көтермейтін судья шығаратын кейбір аралық ұйғарымдарды алып тастауды көздейді.

Демек, ең басты өзгеріске келер болсақ, істің шынайы мән-жайын анықтау бойынша судьяның процестік белсенділігі артады. Сот өз бастамасымен істің мән-жайын тараптармен бірге талқылауға, тараптардың құқықтық ұстанымдары мен дәлелдерін нақтылауға, іс бойынша дәлелдемелерді уақтылы және толық жинауға, оларды зерттеуге жәрдемдесуге, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де іс-әрекеттерді орындауға құқылы және де сот талқылауының аудио-бейнежазбасына электронды хаттама мәртебесі берілді, осы және өзге де түзетулер азаматтық процесті ұғынықты, қолжетімді әрі ең бастысы әділ ете түседі.

А.Мұқанов 

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданың №2

аудандық сотының төрағасы                                                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив