Тіл – мемлекет тірегі

Тіл – мемлекет тірегі

«Тілін білмеген – тегін білмейді» деген атам қазақ. Бүгінгідей ел болып еңсе көтерген тұста ана тіліміздің қадірі мен қасиетін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, халықтың сан ғасырлық тарихы. Өз ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүре алмайды. Әрбір халық тілін, мәдениетін, дінін сақтап қалу үшін тәуелсіздікке ұмтылады. Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз – тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмайды. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі. Ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан егеменді ел болмайды.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. «Тіл туралы» заңының 4 бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы».

Мемлекеттік тілдің қоғамдағы алатын орны ерекше. Мемлекеттік тілдің мәртебесінің өсуіне, іс қағаздарының қазақ тіліне толық көшуіне әрбір қазақстандық үлес қосуы керек. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді білу заман сұранысы.

Елімізде жыл сайын ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында «Қазақстан халықтары тілдері мерекесі» аталып өтуде. Мемлекеттік тілде іс жүргізу сапасы артуда. Тіл – ұлттың рухы, бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы, ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ететін құрал.

«Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте» демекші қазақ тілінің мәртебесін биікке көтеру өз қолымызда! 

Данара Уразаева

Орал қаласының №2 соты кеңсесінің ж етекші маманы 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив