Жемқорлықпен күрес-біздің  борышымыз.

Жемқорлықпен күрес-біздің борышымыз.

Жемқорлық-ең қауіпті әрі барлығын елітуші, мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер ететін, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың қатарына жатқызылады. Мемлекеттің құрылымы мен дәстүріне қарамастан оның зиянды әсері кез келген елде сезіледі. Оны түбегейлі жою ешбір мемлекеттерде орын алмай отыр, бірақ, қоғамдағы жемқорлықтың табалдырығын еңсертуге мүмкіндік бар.

Соңғы жылдары Қазақстанда жемқорлыққа қарсы күресте, мемлекеттік басқарудың ең жоғарғы деңгейінде көп көңіл бөлініп жатыр.

Қазақстан Республикасы- дамудың алғашқы сатысында жемқорлық құқықбұзушылықтарына қарсы күреске үлкен назар аударған посткеңестік кеңістіктегі бірінші мемлекет болып табылады және 1998 жылдың 2-шілдесінде "жемқорлықпен күрес" туралы заңы Қазақстан Республикасының қабылданды.

1997 жылы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде "Мемлекеттің мүддесіне қарсы қылмыстар" деп аталатын 13-тарауында лауазымды тұлғалардың жасаған қылмысы бекітілді. 1998 жылдың қыркүйегінде ел басының жарлығымен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі құрылды. Қазақстан Республикасының "мемлекеттік қызмет" туралы Заңында жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған тұлғаларға мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігін шектеуге, мемлекеттік қызметшілерге салынатын айыппұлдың тәртібіне қатысты жемқорлыққа қарсы ережелер бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық, оның масштабы, ерекшелігі мен динамикасы елдің жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемаларының салдары болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әрқашан ел жаңару кезеңінде артады. Қазақстан қазір тек жаңаруды ғана емес, әлеуметтік, мемлекеттік және экономикалық негіздерді түбегейлі өзгертуді бастан кешуде.

Президенттің талаптарына сәйкес прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлкен мән береді.

Республиканың Бас прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар алдын-алу шараларын әзірлеп, жүзеге асырды. Прокуратураның осы саладағы қадағалау қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын-алуға, олардың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға бағытталған.

Күш біріктіре отырып, біз, қазақстандықтар, әлеуметтік зұлымдықты - жемқорлықты жеңе аламыз.

Кез-келген мемлекеттік құрылымдарды ең бастысы - шенеуніктер пайда таба алмайтындай етіп реттеу. (Аристотель)

 «Сыбайлас жемқорлық» деп аталатын ауру әлемнің көптеген елдеріне, әсіресе табиғи ресурстарға ие және нарықтық экономика мен демократиялық басқару құруға бағытталған елдерге әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың жойқын салдары Нигерия, Индонезия, Венесуэла, Ангола, Эквадор елдерінің экономикаларына әлі де әсер етуде, сонымен қатар ол АҚШ және Италия сияқты дамыған елдерде де кездеседі.

Біз «гүлденген Қазақстандағы үлкен мүмкіндіктер туралы» ұзақ уақыт сөйлесе аламыз. Бірақ оның бір үлкен кемшілігі бар, ол - жемқорлық. Пара алу үшін сізге ақыл қажет емес Ол заңдарды елемейді, сайлауды, саяси партиялар мен қоғамдық институттарды мағынасыз етеді, билік вертикалын бұзады, әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін іс жүзінде жояды.

Сыбайлас жемқорлық күн сайын адамдардың материалдық әл-ауқатына зиян келтіреді, кең көлемде мемлекет пен экономикаға үлкен зиян келтіреді. Сыбайлас жемқорлық ұлттық және халықаралық бизнеске айналды, оның айналымы мұнай кірісі мен есірткі саудагерлерінің пайдасынан асып түседі. Соңғы есептеулер бойынша, халықтың табысының 30-дан 50 пайызға дейін пара алуға кетеді, ал олардың көлемі мемлекеттік бюджет көлемінен асып түседі.

Қазақстан Республикасы Әскери соты Әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің маманы сот приставы А.Танатов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив