Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз.

ҚР Конститутциясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.      Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық дендеп кеткен елдің өркендеуі, экономикалық тұрғыдан жетілуі, білімі мен мәдениеті төменгі деңгейде қалып, озық елдермен бәсекеге түсе алмасы анық. Жең ұшынан жалғасатын жемқорлықтың салдары елді құрдымға жіберіп, дамуды тежейді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен тек қана тиісті органдар емес, бүкіл қоғам боп күрескенде ғана нәтиже шығаруға болады. Елін, Отанын, мемлекетін шексіз сүйетін әрбір азамат «біріміз бәріміз үшін»қағидасын берік ұстанып, жұмыла кіріссе-алынбайтын қамал, бағынбайтын белес болмайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, кеше ғана еңсесін тіккен жас мемлекетіміздің ел болуға бет бұрған шағында жемқорлықтың тағдырына бірге балта шапсақ, болашағымыз-жарқын, келешегіміз-кемел болар еді. Біздің еліміз ТМД елдерінің ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Ендеше, еліміздің абыройы мен беделі үшін сыбайлас жемқорлықпен әрбір адамның күресе білуі-қоғам алдындағы азаматтық парызы деп білемін деп еді.

   Сыбайластық жемқорлықпен күрес мына негізде жүзеге асырылады:

  • заң мен сот алдында бәрі тепе-тең болса
  • мемлекеттік органдар қызметін нақты құқықтық реттеумен (регламенттеумен) қамтамасыз ету, аталмыш қызметтің заңдылығы мен жариялылығы, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылау жасау;
  • жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдылығы;
  •  жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылармен күресуге жәрдемдескен азаматтардың жеке қауіпсіздігін және оларды ынталандыруды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттің мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті және оған теңестірілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, аталмыш тұлғалар мен олардың отбасыларының лайықты өмір сүрулері үшін бұл тұлғаларға еңбекақы (ақшалай қолдау) мен жеңілдіктер тағайындау;
  • жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тұлғалардың өкілеттіктерін делегирлеуді болдырмау, сондай-ақ оларға бақылау мен қадағалау жүргізу.

Осы сәтте ғұлама ақынымыз Абайдың сөзі еріксіз көңілге оралады.

«Өзің үшін еңбек қылсаң, -өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Ардақты адам жемқорлыққа жол бермейді,-деген түйінді сөзбен ойымды қорытындылағым келеді. 

Э.Р. Ярулина 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық әскери сот

әкімшілігінің басшысы                                                 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив