Заңнамадағы өзгерістердің аңдатпалары

Заңнамадағы өзгерістердің аңдатпалары

Ел болып бірігіп, жұдырықтай жұмылған жұмыстың жүйелі нәтижесін айтып кетсем. Биылғы жылдың 8 маусымында жалпыұлттық референдумда қабылданған Ата Заңға енгізілген барлық түзетулер өз күшіне енді. Конституциялық өзгерістер Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуге бағытталған. Мәжіліс депутаттарын бір мандатты округтер бойынша сайлау, облыс әкімдерін баламалы негізде тағайындау, ҚХА квотасын өзгерту, Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту – осының бәрі халықтың мемлекеттік басқаруға жанама қатысуын кеңейтеді және сонымен бірге халықтың билік институттарына деген сенімін нығайтады.

Жаңартылған Конституцияда жер, оның қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі халыққа тиесілі екендігі, ал халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратыны бекітілген.

Негізгі заңға өзгерістер енгізу – болашақтағы өзгерістердің бастауы. Мемлекеттік аппарат пен жалпы қоғам алдында елді жан-жақты жаңғырту жөнінде үлкен міндеттер тұр. Кезең-кезеңімен саяси қайта құру ұлттық экономиканы әртараптандыруға, шағын және орта бизнесті нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, көлік-логистика жүйесін дамытуға, мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыруға, құқықтық саланы жаңғыртуға және т. б. ықпал ететін болады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен референдумның қорытындысы бойынша халыққа үндеуінде: "Референдумның нәтижелері біздің мемлекеттілігіміздің тарихында мүлдем жаңа тарауды ашады. Өз таңдауын жасаған халқымыз жасампаздыққа деген ерік-жігер мен түбегейлі өзгерістерге ұмтылысын көрсетті. Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс істеуіміз керек. Мен бірге міндетті түрде алға қойған мақсаттарымызға жететінімізге толық сенімдімін. Біз бірге жаңа Қазақстан құрамыз!» – деді.

2022 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР заңнамасына өзгерістерді шолуды қарастырсақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде келесілерді дайындау жоспарлануда:

- Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын жүйелеуді қамтамасыз ететін азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесінің заңнамалық негіздерін, жұмыссыздықты, сондай-ақ әлеуметтік саясаттағы масылдық көзқарасты төмендету тетіктерін қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;

- Үнемді бюджет саясатының, оның ішінде:

-шығыстардың өсу қарқынын және Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін шектеу жөніндегі контрциклды бюджеттік қағидаларды сақтауды;

-бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының орнықтылығы туралы талдамалық есепте түйінді бюджеттік коэффициенттердің түбегейлі тізбесін белгілеуді көздейтін тәсілдерін енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;

- 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобалары;

- Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негіздері мен шарттарын қысқарту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

- Өзгерген болмысқа және озық білім беру практикасына сәйкес салалық біліктілік шеңбері мен «Педагог» кәсіптік стандартын әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығын іске асыруда мемлекеттік қаржысын басқару саласында нормативтік құқықтық актілері әзірленеді:

- Бюджет кодексіне Ұлттық Банкі борышын мемлекеттік борыш құрылымынан алып тастауды, мемлекеттік кепілдіктер беруге қойылатын талаптарды жетілдіруді, жергілікті атқарушы орган борышының лимитін айқындау жөніндегі тәсілдерді қайта қарауды көздейтін өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;

- Мемлекеттік мүлік сыныптамасын жетілдіру белігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;

- Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын әзірлеу: бюджетті жоспарлаудың блоктық тетігінің элементтерін енгізу; бюджетті жоспарлау сатысында және бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдауды және бағалауды енгізу; жергілікті бюджеттерге және бюджеттерді нақтылау рәсіміне бюджет жобасын алдын ала бағалау тетігін тарату; Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты көрсету;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару тұжырымдамасын әзірлеу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы;

- «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары объектілерінің тізбесін өзектілендіру белігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

- «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына Ұлттық қорға түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

- «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына барлық квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеуді кездейтін өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі функцияларды бекіту бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі;

- Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы адами ресурстар қызметінің талдамалық құрамдас бөлігін күшейту мақсатында оларды дамыту женіндегі шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірлескен бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына мемлекеттік міндеттемелердің лимиттерін айқындау әдістемесін жаңарту бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы;

- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына инвесторға өтелетін шығындардың түрлерін (ИШӨ, ОШӨ, БЖС, кепілдіктерді қоса қаржыландыру) нақтылауға қатысты өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы;

- «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы.

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына сәйкес келесілерді әзірлеу жоспарлануда:

- Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін осындай актілерді қабылдау мақсаттарын, олардың заңдылығын бақылау қағидаттары мен тетіктерін көрсете отырып, жекелеген мемлекеттік органдардың дискрециялық өкілеттіктерін белгілеу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;

- Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жүйелеуге қатысты Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;

- Заңгерлік пәндерді оқытумен айналысатын жоғары оқу орындарының лицензияларын беруге қойылатын талаптарды жоғарылату бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы.

Конституцияға енгізілген өзгерістер Қазақстанның прогрессивті, демократиялық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер. Конституцияға енгізілетін өзгерістер біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімділігін күшейтеді және бізді «әділетті қоғам мен тиімді мемлекет» құру жағына, шынайы Жаңа Қазақстанға қарай одан әрі жақындататын болады.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық сотының судьясы Р.Б.Кустанов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив