Медиацияны қылмыстық процессте қолданудың ерекшеліктері

Медиацияны қылмыстық процессте қолданудың ерекшеліктері

Медиация дауды шешудің заманауи тәсілі ретінде оң нәтижесін көрсетіп келеді. Алайда, халықтың еліміздегі медиаторлар туралы хабары аз. Жанжалды шешудің балама тәсіліне еңбек, отбасы, адам құқықтарының сақталмауы сияқты мәселелерде жүгіне алатынын бірі білсе, бірі білмес.

Медиация заңын қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік кодекстің және қылмыстық-процестік кодекстің талаптарында нақты көзделген. Заңының талаптарына сәйкес медиация жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар мен атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде қолданылады.

Ал, қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласу жолын білдіреді.

Шетелдік тәжірибелер қылмыстық процесте медиацияны қолдану қарапайымдылығы және икемділігімен тиімді екенін көрсетті. Бірқатар елдерде медиация рәсімі міндетті болып келеді. Мысалы, Италия республикасының «Азаматтық және сауда істеріндегі медиация туралы» заңнамалы деректерінде медиация міндетті түрде жүргізілетін рәсімдердің бірі болып саналады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

Медиация Заңының талабына сай медиация процедурасы сотқа жүгінгенге дейін де және сот процесі кезінде де қолданылады. Медиация Заңның талаптарына қайшы келмейтін тараптар келіскен тәртіп бойынша жүргізіледі. Медиаторлар ұйымдары бекіткен медиацияны жүргізу тәртібі тараптардың келісімімен қолданылуы мүмкін. Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Келісімде медиация тараптары, даудың нысанасы, медиатор туралы деректер, сондай-ақ тараптар келіскен келісімнің шарттары, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдары қамтылуға тиіс. Дауды реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс.

Қылмыстық сот ісі барысында жүргізілетін медиацияның ерекшеліктеріне тоқталсақ:

  1. Тараптардың медиация туралы шарт жасасуы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрмайды.
  2. Медиацияға қатысу фактісі медиация тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының кінәні мойындауының дәлелі бола алмайды.
  3. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кәмелетке толмаған адам болса, педагогтің немесе психологтің немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің қатысуы міндетті.
  4. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы медиация қылмыстық процессуалдық заңында белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.
  5. Дауды реттеу туралы келісімге қол қоюдан бас тарту медиация тарапы болып табылатын сот ісін жүргізуге қатысушының жағдайын нашарлата алмайды.
  6. Қылмыстық процесс шеңберінде жүргізілген медиация тоқтатылған жағдайда тараптар іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға дереу:

 1) дауды  реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда - аталған келісімді;

 2) өзге жағдайларда - осы Заңның 26-бабында көзделген негіздерді көрсете отырып, медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.

Қылмыстық істер бойынша медиацияны қолдануды қылмыстық заңнамамен реттеу мәселесіне келсек, қылмыстық құқықтағы медиация медиаторлармен қолданылатын, арнайы әдістер жиынтығын реттейді. Заң аясында медиацияны қолданудың ережелері адам өлімімен, сыбайлас жемқорлық, террористік, экстремистік қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды. Сот міндетіне тек заңмен бекітілген 68-бап талаптарын түсіндіру кіреді, сот ешкімді мәжбүрлеп, жүктемейді. Ал медиатор сот төрелігін іске асырумен байланысты емес бейтарап тұлға ретінде сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына жағдай жасайды. Екі жақ медиативті келісім құруға өз еркімен келіскен жағдайда сотталушы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сот төрелігін іске асырады.

Жалпы медиацияның тиімділігі туралы пікірлердің басым көпшілігі, соның ішінде қылмыстық процестегі медиация туралы да пессимистік бағытта, бірақ медиацияның қазақстандық моделі, соның ішінде қылмыстық істерді қарау кезінде де қаншалықты өміршең болатынын уақыт ғана көрсетеді.

Онша ауыр емес және ауырлығы орташа санаттағы қылмыстық істерді сот, анықтау және тергеу органдары тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуі негізінде қысқартады. Қылмыстық сот өндірісінің басты міндеттерінің бірі – татуластыруға ықпал ету. Елімізде қабылданған медиация заңы өркениетті елдердегідей бейтарап медиаторды тарту арқылы істі бітімге келтіріп, заманауи құқықтық жүйенің дамуына ықпал етуі тиіс. Медиация институтының дамуына барлық мемлекеттік билік органдары барынша қолдау көрсетіп, осы институттың кеңінен қолдануылуына ықпал жасауы қажет. Медиацияның мемлекетімізде болашағы зор, сол себепті оны жоғары деңгейде қолдасақ, оның халқымыз үшін тигізер игі әсері мол болады.

Мұғалжар аудандық сотының төрағасы

А.Т.Анарбаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив