Алқабилердің қатысуымен сот процестерін өткізу

Алқабилердің қатысуымен сот процестерін өткізу

Алқабилер соты - бір мезгілде судьялар мен алқабилерден тұратын сот талқылауының ерекше нысаны болып табылады. Алқабилер қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың кінәлілігі мен кінәсіздігі және оларды жазалау шаралары туралы мәселені қарайды және шешеді. Бұл ретте судья мен алқабилер барлық мәселелерді шешуде тең құқылы. Қылмыстық істерді қараған кезде судьялар құқықтық білімді талап ететін мәселелер бойынша шешім қабылдайды, мысалы, сотталушының іс-әрекетінің саралануы, оның жазасы туралы. Өз кезегінде, қарапайым азаматтардың арасынан шыққан алқабилер сот үкімін шығарады: сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі немесе кінәлі емес. Барлық істер бойынша алқабилердің шешімі судьялардың пікірі мен ұстанымына тәуелсіз қабылданатынын түсіну керек. Алқаби – шешім қабылдау кезінде тек өзінің ар-ожданын, әділдігін  және қылмыс жасады деп айыпталған адамның кінәлі немесе кінәсіздігіне өзінің сенімділігін басшылыққа алатын адам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанда алқабилер тек аса ауыр қылмыстар бойынша үкім шығара алады. Менің ойымша, біз әрі қарай жүріп, алқабилер қарайтын істердің санаттарын кеңейтуіміз керек.» Қазіргі уақытта алқабилердің қатысуымен қаралатын құқық бұзушылықтарды кеңейту мәселесі талқылануда, оған аса ауыр қылмыстарға ғана емес, сонымен қатар ауырлығы орташа және ауыр қылмыстарға да қатысты құқық бұзушылықтар енгізілетін болады.

Қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық әскери сотының аға сот приставы Д.Давыдов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив