Есірткі есіңді алмасын!

Есірткі есіңді алмасын!

Қанша уақыттан бері адамзаттың күресіп келе жатқан жауларының бірі – апиын. Апиын – анаша, есірткі немесе есірткі тектес заттар. Бұл біреуге қару, біреуге ауру, біреуге кәсіп. Есірткі адамның есін алады. Бұған байланысты заңда да жазалар нақты жазылған.

Елімізде соңғы уақыттарда есірткімен күрес қатты күшейіп келеді.  Республикамыздың әр аймағында күніне бірнеше оқиға тіркеліп жатады. Олардың бәрі есірткімен айналысып, тіпті, жасырын өсіріп отырғандары да бар. Адам баласынан айла артылар емес. Бірақ түптің түбінде қандай айла жасаса да жазасын  алып отқандар қаншама?

Есірткі айналымына қазір барлық елдерде шектеу қойылған. Біздің елімізде де есірткіні пайдалануға қатаң түрде тыйым салынған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 420, 421, 422, және 423-баптары есірткі заттарына қатысты. Бұл баптар бойынша заңда әртүрлі айыппұл салынады.

Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестермен заңсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауында 7 бап бар. ҚК-тің 3 бабы бойынша 297, 298, 299- баптарында көзделген қылмыстық іс жасаса, азаматтардың мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

Бұл ретте жасөсіпірімдердің өмірін нашақорлықтан арашалау мәселесін де ұмытпаған дұрыс. Ең бастысы – жасөспірімдер мен жастарды жақсы әдеттерге баулып, жаман нәрселерден бойларын аулақ ұстауды ескертіп отырған жөн. Есірткіге тәуелділіктің соңы қылмысқа апаратынын бала жастан түсіндіру керек. Өйткені, алғашқы да тегін болған дүние, кейін ақша талап етеді. Ал оңай ақша табудың жолы ол қылмыс жасауға апарып соғады.

Кейбіреулер есірткінің көмегімен проблемадан, қобалжудан, кәдімгі өмір қиыншылықтарынан қиналып, ойын бөлуге тырысады. Өкінішке орай, адам бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, көтерген жүктің ауырлығын жеңілдете алмайды. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің  негізі – денсаулығы екенін естен шығармаған абзал. Сол себепті, ішімдік, есірткі деген заттардан аулақ болған жөн. Сенің шешімің – сенің болашағының шешімі болмақ. 

А.Искакова, Жаңақала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив