Ұрып-соғу жиілеп тұр

Ұрып-соғу жиілеп тұр

Елімізде отбасы тұрмыстық қатынастарға қатысты заң бұзушылықтар өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның басты себебі – маскүнемдік, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, түсініспеушілік сынды жайлар деп ойлаймын.

      Өкінішке орай, қазіргі уақытта қоғамның белсенді дамуына қарамастан әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық фактілері тыйылар емес.     Оған айғақ отбасы-тұрмыстық қарым қатынастағы әйелдерге сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап кемсіту және ұрып-соғу фактілерінің азаймауы болып отыр. Қазіргі қоғамның басты дертімен күресу жалғыз құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, жалпы әрбір азаматтың отбасы алдындағы жауапкершілігі деп білемін.

     Ұрып-соғу фактілері тек отбасында ғана емес ауыл ішінде азаматтардың бір-біріне қол жұмсауы да жиі кездеседі. Кейбір адамдар бір ауылдың азаматы бола тұра, еш себепсіз тиісіп, өзінің мықтылығын күшпен дәлелдеуге тырысады.  Берекелі, қаймағы бұзулымаған қазақ ауылдарында ағайыны аралас, қойы қоралас жатушы еді. Азаматтардың бір-біріне деген өшпенділігі ақшаның буынан ба деген ойда қаласың.

     Осындай оқиғалар нәзік жандылардың арасында да тіркеліп отырғаны көңіл көншітпейді. Сонда «Әйел бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген қазақтың ғажап сөзі қайда қалғаны? Қазақтың арулары төбелесіп, әкімшілікке жауапкершілікке тартылып жатқанын көріп, іштей қынжыласың. Оның үстіне орташа, жеңіл дәрежедегі мастық күйі деп белгіленген медициналық қызметкердің анықтамасынан қазақ қызының ішімдікке де бойы үйрене бастағанын көресің.

    Алақандай ауылда осындай істердің тіркелуі, осындай оқиғалардың болуы жақсы нәрсе емес.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы ұрып-соғу фактілеріне арналған. Яғни, тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер – ескерту жасауға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      «Тәрбие – тал бесіктен» деп жатады бабаларымыз. Отбасында сыйластықты, көңіл жарасымын көріп өскен бала өскенде ешқандай тәртіпсіздікке бармайтынына сенімдімін. Естір құлақ болса, үлкендеріміздің айтар ақылын тыңдар азамат болса, бұл қоғам барлық қылмыстан ада болар еді.

Гүлдерайым Әбдіғалиқызы, Жаңақала аудандық сотының бас маманы.

   

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив