Мемлекеттік тілі- менің тілім

Мемлекеттік тілі- менің тілім

 Мемлекеттік тіліміз - қазақ тілінің мәртебесін құрметтеу және оны қолданудың аясын кеңейту мәселелері еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бастап күн тәртібінен түскен емес.

Мемлекет басшысы  өзінің 2019 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне  айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек»,- деп айтқан еді.

Сондықтан оған бейжай қарамайық. Ұлттық рухты сақтап қалу, оны дамыту мен өркендету біздің қоғамның алдында тұрған міндеттердің ең бастысы және өзектісі болып табылады.

Қазақ елінде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар бар. Солардың барлығы - Қазақстан халқы. Ал сонда Қазақстан халқының басын біріктіретін  негізгі фактор –  мемлекеттік  тіл болуға тиіс. Біздер болашағымызды болжаған елміз. Дамыған отыз елдің қатарында боламыз, егер Егемен Елдік  белгіміз сақталса. Оның бірі де бірегейі – мемлекеттік тілдің болуы. Қазақстанның  әр азаматы өзі тұрып жатқан мемлекеттің тілін білуге, сол тілде сөйлеуге, өмір сүруге тиіс. Бұл - дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ешқандай үлкен талап емес.

Әлемнің барлық мемлекеті, халықтары сол елдің тілінде сөйлейді, сөйлей алмаса өмір де сүре алмайды. Мысалы қытайда қытайша білмейтін, Ресейде орысша білмейтін, Америкада ағылшынша білмейтін адамды таба аласыз ба?

Біздің бодандық санамыз әлі сол бодандық шырмауынан шыға алмай отыр. Тілімізді осыншама өлімші, жарымжан халге жеткізіп болдық. Көшеге шығыңызшы, сіз жастар ғана емес, ересек адамдардың, ата-әжелердің немерелерімен орыс тілде сөйлесіп бара жатқанын көресіз. Ал сырттан келген шетелдіктер бір-екі үш күнде Қазақстанда қазақша сөйлеп өмір сүре алмайтындарын біліп, орысша үйреніп жатыр. Себебі үйренген қазақшасымен қазақтан  бір нәрсе сұраса, қазақ қазақша білмейді екен... Өзіңді құрметтеуді білмесең, басқа кімнен құрмет күтесің? Өзінің қазақы болмысынан ұялып, таза қазақ тілінде сөйлейтін қазаққа менсінбей қарайтын қоғамның ащы шындығы  – осы.

Сондықтан жастарда қазақша үйренуге ниет төмен. Ұлты неміс, рухы қазақ Герольд Бельгер ағамыз «Қазақ дәптері» («Өлке» баспасы, 2011 жыл) деген кітабында: «Қазақтар қазақпен қазақша сөйлеспей тұрып, қазақ тілі еш дамымайды деп есептеймін. ... Басқа ұлт өкілдері қазақ тілін қанша білгенімен, ол қазақ тілін ешуақытта дамытпайды. Қазақ тілін дамытатын қазақтар ғана. ... Қазаққа ағылшын, неміс, француз болу шарт емес, қазақ қазақ болып қалу керек» дейді.

Сондықтан, қай саланың маманына да ең алдымен терең білім, биік парасат, елін сүйген жүрек қажет деп ойлаймын.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Сандуғаш Байбосынова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив