Алқабидің рөлі және алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімі

Алқабидің рөлі және алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімі

Алқаби болу Сіздің Қазақстан Республикасындағы облыстық және оған теңестірілген сотында атқаратын құрметті міндетіңіз. Сіз сот төрелігін жүзеге асыру кезінде белгілі тұлғаға айналасыз. Кінәсіздің сотталуы, не қылмысты жасаған кінәлінің ақталуы, не болмаса, шынайы сот төрелігінің орын алуы, Сіздің өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізден, принципшілдігіңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздан туындайтын ішкі нанымыңызға және Сіздің дәлелдемелерді мұқият зерттеуіңізге негізделетін шешіміңізге байланысты болады. «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, «заңда көзделген тәртіпте, сотта істі қарауға қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы алқаби болып табылады.» Алқабиге кандидаттарды іріктеу, сотта жинақталған бірыңғай және қосалқы (жылдық) тізімдерден кездейсоқ таңдау арқылы жүргізіледі, іріктеу аяқталғаннан кейін, алқабилерге кандидаттардың алдын-ала тізімі жасалады. Бұл орайда азаматтар алқабилер міндетін атқаруға қылмыстық іс қаралатын бүкіл уақыт аралығына күнтізбелік жыл ішінде бір рет қана шақырылады. Сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктелмеген тұлғалар, басқа сот отырысына алқаби ретінде қатысу үшін тартылуы мүмкін.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты кеңсесінің бас маманы М.Ж. Аккузова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив