Қазақстанның тарихы да, тағдыры да –мемлекеттік тілінде

Қазақстанның тарихы да, тағдыры да –мемлекеттік тілінде

Тарихтың қатпарлы беттерін парақтасақ, қаншама тар жол, тайғақ кешулерден аман өткен халқымыз бен азаттықты аңсаған бабаларымыздың асқақ арманы орындалып, бүгінде тіліміздің тұғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болғанын тілеп отырған бақытты елміз. Осыдан 32 жыл бұрын, яғни 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін, егемендік алған соң 1995 жылы Ата заңымыздың 7 бабына сай, «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» болып айқындалды.

Әрі қарай – 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдерді қолданудың құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгіленген болатын. Еліміздің егемендік алуы мен аталған заңның қабылдануы  мемлекеттік тіліміздің қолдану аясының барынша кеңеюіне даңғыл жол ашып берді.

Ғасырлар қойнауынан сондай анық, таза күйінде бізге жеткен, халқымыздың өткенінен хабар берер асыл мұрамыздың бірі, ынтымақ пен бірліктің жығылмас туы, тәуелсіздігіміздің айғағындай болған туған тілімізді «Толғауы тоқсан қызыл тіл» деп айтуы бекер емес. Қазақ тілінің мерейін асқақтатып, мәртебесін көтеру мақсатында атқарылып жатырған жұмыстарды жіпке тізгендей санамалап беруге болады.

Дей тұрғанмен, еліміздің егемендік алып, тәуелсіздік тәжін кигелі ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, қаншама жұмыстар жасалынып жатырса да, мемлекеттік тіліміздің дәрежесін Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін құрметтей отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде оның кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету деген биік мақсатқа әлі жетпегеніміз хақ.

Жоғарыда тілге тиек еткендей, еліміз тәуелсіздігін алғалы ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, кейбір азаматтарымыздың тілді мойындаса да игеруге асықпайтындығы, сол ежелгі таптаурын болған қағидаттардан арыла алмай жүрген жайы да жоқ емес. Сондықтан да, кезек күттірмейтін, ат үсті қарап айналып өтуге келмейтін тағдырлы мәселелер қатырында Қазақстанның мемлекеттілігін айқындаған, ата заңымызда мемлекеттік тіл мәртебесі берілген қазақ тілінің тұрғандығы айқын. Әр халықта тіл сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы ғана емес, өзге елдердің алдында дәрежесін айқындап, тарихынан хабар беретін, еңсесін биік көтеріп, болшағына болжам жасайтын қастерлі де, қасиетті тұғырлы қаруы екені мәлім.

 Қазақ тілі ерте кезден-ақ оралымды ырғақты, аса қуатты, бай тіл. Ол жан дүниеміздің айнасы, тәуелсіздігіміздің айғағы іспетті. Ендеше, жоғарыда тілге тиек еткендей, татулық пен тұрақтылықтың негізіндей болған туған тіліміз тұғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы мен тіл мерейінің жоғарылауы жолында баршамызға бірігіп әрекет ету қажеттілігі туындап отыр.

Ақтөбе гарнизоны әскери соты кеңсесінің бас маманы

Қ.А.Қувандикова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив