Соттың білгір маманы

Соттың білгір маманы

Еліміздің сот жүйесінде алғаш рет тойланғалы отырған кәсіби мереке 24 маусым – судья және сот қызметкері күні қарсаңында, өз кәсібіне адал қарап, бүгін біздің сөзімізге арқау болып отырған, сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы жолында қалтқысыз қызмет атқарып келе жатқан жандардың бірі-Гүлмира Жақсылыққызы Торжимбаева.

Өзінің саналы ғұмырының 26 жылын сот жүйесіне арнап, абыройлы қызмет атқарып келе жатқан ол 1965 жылғы 21 қыркүйекте Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Ақтөбе қаласындағы № 10 орта мектебін тамамдады.

Сот саласындағы еңбек жолын 1995 жылғы 1 желтоқсанда бастап, Ақтөбе гарнизоны әскери сотында кеңсе бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы, одан әрі кеңсе бас маманы лауазымында мінсіз қызмет атқарып келеді.

2000 жылы Алматы экономика және статистика Академиясына түсіп, оны 2004 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» бойынша толық курсын бітіріп, «Экономист» біліктілігін алған. 2005 жылы «Қайнар» университетіне түсіп, 2007 жылы бакалавриатының толық курсын бітіріп, «Заңтану Бакалавры біліктілігі мен Академиялық дәрежесі берілді.

Сот билігінің халық үшін ашық әрі қолжетімді болуы мемлекет тарапынан қойылып отырған маңызды талаптардың бірі. Кеңсе соттың айнасы десек, барлық сотқа түсіп қаралған істер мен материалдар бойынша іс қағаздар жүргізу, істерді қабылдау, есепке алу, сақтау және сараптамалық есептер жүргізу біліктілік пен асқан жауапкершілікті талап етеді.

Гүлмира Жақсылыққызы сотта қызмет жолын бастаған тұста қазіргі заманғы, сенімді және ыңғайлы электрондық құжат айналымы болмағаны белгілі. Сондықтан, барлық құжатты машинкімен, одан қалса қолмен сауатты жазып шығатын. Оның үстіне күніне бір емес, кейде процестер көбейіп кететін.

Саланың қалыптасып, оның әрбір даму сатыларына куә болып, қызметінің қиындығы мен қызығын қатар көріп, абыройлы қызмет атқарып келе жатқаны өз қызметіне деген құрмет пен сүйіспеншілігі болса керек.

         Азаматтармен қарым-қатынаста қарапайым, ұжымда сыйлы, отбасында ардақты ана, аяулы әже Гүлмира Жақсылыққызының Ақтөбе гарнизоны әскери сотында көп жылғы еңбегін басшылық жоғары бағалап құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының өкімімен «Қазақстан Республикасының Әскери соты 25 жыл» және Қазақстан Республикасы Президентінің 02.12.2021 ж. Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдармен наградталды. Бұл саналы ғұмырының 26 жылын Сот жүйесінің өркендеуіне арнаған тұлғаның еселі еңбегінің еленгені деп білеміз.

Осынау айтулы кәсіби мереке «Судья және сот қызметкері» күнімен құттықтай отырып, мамандықтарыңыздың нағыз майталманы деген атқа лайық абырой биігінен көрінуді және сот жүйесінің өркендеуі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыстар тілейміз.

Ақтөбе гарнизоны әскери соты кеңсесінің

бас маманы Құралай Кувандикова 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив