Мал ұрлығына жол беретін себептерді жою оны  болдырмайды.

Мал ұрлығына жол беретін себептерді жою оны болдырмайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына  сай әрбір меншік түрі қылмыстық заңдылықпен қорғалады және ешбір тұлға мүлкінен  өз еркінсіз айырылуға тиісті емес. Демократиялық, құқықтық мемлекетте  әр адамның құқығы мен мүддесі басты орынға қойылғанда қылмыстық заң оның меншіктік құқығын қорғайды.

Мал ұрлау ерте заманнан кездесетін қылмыстардың бірі.  Қылмыскерлер мал ұрлығы үшін ауыр жазаға тартылса да бұл қылмыс түрі тоқталмай тұр  және  оның  ашылуы, ресми тіркелуі көп қиындықтарды туғызады.

Соңғы кезге дейін мал ұрлаумен күресте меншікті қорғайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдылықтарды қолданып, оларды басшылыққа алып іс өндірістері  жүргізіліп келді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінде  жымқыру деген ұғымының белгісі ашық жазылған – «жымқыру  бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып,кінәлі адамның немесе басқа адамдардың пайдасына пайдакүнемдік мақсатта жасалған құқыққа қарсы өтеусіз алып  қою және (немесе) айналдыру».

Осы саладағы құқық бұзушылардың қылмыстық жауаптылығын қатаңдату мақсатында 27.12.2019 жылы Қазақстан Республикасының Заңымен өзгерістер енгізіліп Қылмыстық Кодекс мал ұрлығы жөніндегі 188-1-баппен   толықтырылды.

Кодекске енгізілген өзгерістерге сай  мал ұрлығын қылмыстық топпен ұйымдасып жасаған жағдайда ол ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Өйткені, ауылдық жерлерде мал ұрлығы кәсіпке айналған жағдайлар кездеседі. Сонымен бірге  мал ұрлығы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар пайда болған. Малды қорадан немесе ауыл аумағынан шығарып беретін және тасымалдайтын, жалған анықтама алып беретін тағы біреу бар. Сондықтан оны ауыр қылмысқа жатқызғандығы дұрыс шешілген тұжырым деуге болады. 

Осы баптың ескертпесінде мал деп ірі қара мал, жылқылар мен есектер,түйелер, ұсақ мал, шошқалар саналатыны көрсетілген.

Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру  болып табылады. Осындай қылмыстық құқық бұзушылық үшін оны жасаған адамның  мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егерде қылмыстық құқық бұзушылық  алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; ірi мөлшерде жасалған мал ұрлаумен жасалса   мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалау осы баптың 2-бөлімінде көрсетілген.

Үшінші бөліміне сай, егер мал ұрлығы   бірнеше рет; тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау анықталса – мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың төртінші бөлімінде көрсетілген әрекеттермен, яғни    қылмыстық топ жасаған; аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау–мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен өте тығыз байланысты, сондықтан да мал негізгі байлық болып есептелген.

Заңға өзгеріс енгізілмес бұрын мал ұрлағандар зардап шегушімен татуласу арқылы немесе келтірілген зардаптың орнын толтыру арқылы жазаны өтеуден  жалтару мүмкіндігін алған. Ал қазіргі жағдайда ауыр қылмыс қатарына жатқызылғандықтан және құқық бұзушылардың қылмыс жасамас бұрын әрекетіне қандай қылмыстық жауаптылық болатынын ескеру үшін, сол сияқты тараптарды  татуласу мүмкіндігінен айырып, құқық бұзушыны  қылмыстық жауаптылықтан босату қаралмаған.   

Мысал ретінде айтатын болсақ:   2020 жылдың қаңтар  айының 28-күні орын алған  екі құқық бұзушының қатынасуымен  «Лада 21120» маркалы автокөлігімен  Қаратөбе ауданына қарасты «Ақкөл» қыстағының маңында  жайылып жүрген бір топ жылқы малынан бір бас жылқы малын  адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ұрлаған. Соның нәтижесінде жәбірленушіге 400 000 теңге материалдық залал келтірілген.  

ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлімінің 1-тармағымен  қылмыстық істі сотта  қараған кезде жәбірленуші келген залал мөлшерін өтелгенін, татуласуға байланысты сотталушыларға талабы жоқтығын мәлімдеді.

Алайда, аталған бапқа енгізілген өзгерістерге сай, ауыр қылмыс болғандықтан іс өндірісі тоқтатылмай, құқық бұзушыларға заңға сай, істі қараған кезде анықталған мән-жағдайларға байланысты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмағанмен қылмыстық жауаптылыққа тартылып, яғни әрқайсысын 3 (үш) жыл  мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабы қолданылып, бас бостандығын айыру жөніндегі негізгі жазаны шартты деп санап, тағайындалған жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп,  қылмысты жасау құралы болып табылған  автокөлік тәркіленді.  

Бұрын мал ұрлаумен күресті мемлекет негізінен меншікті қорғайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамаларды қолданып, оларды басшылыққа алып жүргізіп келді, яғни, мал ұрлығы басқа ұрлық түрлерімен бірдей дәрежеленіп келді. Соңғы кезге дейін мал ұрлағандар неше рет ұсталса да сотқа дейін немесе сотта малдың иесіне келтірілген шығынды малмен немесе ақшалай құнын қайтарып, жәбірленушімен татуласқан жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылатын. Салдарынан мал ұрлығы тыйылмай, мал ұрлығын оңай олжа табу мақсатына айналдырып алғандар қылмыс жасауды жалғастырып, құрықталған жағдайда жәбірленушімен татуласып, қайтадан жазадан құтылып кететін.

Қолданыстағы заңнаманың осындай осал тұстарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі – ҚК) бірқатар өзгерістер енгізілді.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап мал ұрлығы басқа ұрлықтардан бөлек ҚК-тің 118-1 бабымен саралануға жатады. Осы баптың ескертпесінде мал деп  ірі қара мал, жылқылар мен есектер, түйелер, ұсақ мал, шошқалар саналатыны көрсетілген.

Тиісінше мал ұрлығы үшін қолданылатын қылмыстық жаза да қатаңдатылды.

ҚК-тің 188-1-бабының бірінші бөлігімен бөтеннің малын жасырын жымқырғаны үшін оны жасаған адам мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егерде осындай қылмыстық құқық бұзушылық алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен; ірi мөлшерде жасалған жағдайда мүліктi тәркiлеумен үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы осы баптың екінші бөлігінде көзделген.

Аталған баптың үшінші бөлігіне сай, егер бірнеше рет; тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлығы анықталса – кінәлі тұлға мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер, яғни    қылмыстық топ жасаған; аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлығы –мүлікті тәркiлеу қолданыла отырып, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Сонымен қатар, екі тараптың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін ҚК-тің 68-бабына да өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер қайтадан қасақана қылмыс жасаған адамдардың жазадан құтылу мүмкіндігін шектейді, себебі, аталған баптың ережелері бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде қайтадан қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

Мысал ретінде төмендегі қылмыстық істің мән-жайын келтіруге болады. Сырым аудандық сотымен 15 наурыз 2022 жылы ҚР ҚК-нің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2 тармағымен азамат О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол бөтеннің малын мал қораға кіру арқылы ірі мөлшерде жасырын жымқырған деп күдіктелген. Істі қарау нәтижесінде сот сотталушының аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны дәләлденген және оның әрекеті дұрыс сараланған деп тапты. О.-ның жасаған қылмыстық әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатады. Ол бұрын бір рет жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Соңғы мал ұрлығын қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде жасаған. Сондықтан, жоғарыда аталған өзгерістерге сай, жәбірленушінің малы қайтарылған бола тұра, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын сот үкіміне бойынша қылмыстық-атқару  жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Мал ұрлығының жолын кесу үшін құқық қорғау органдары ғана емес, мал иелері де сақтығын күшейтуі қажет.

Ж-М.А.Вебер

Сырым аудандық сотының

Кеңсе меңгерушісі

Батыс Қазақстан облысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив