Мемлекеттік рәміздер Тәуелсіздіктің символы.

Мемлекеттік рәміздер Тәуелсіздіктің символы.

Бүгін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тұңғыш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде таңбаланып қалды.

     ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. ҚР Ата Заңының 9 - бабынада  ҚР Мемлекттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген, ал 34 - бапта әрбір азамат республиканың Мемілекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті   екенін айтылады. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы», деген еді Елбасы мемлекеттік рәміздерге қатысты сөйлеген сөзінде. Мемлекет басшысының осы сөздерін қазақстандықтардың барлығы жүрек түкпірінде сақтап, әркез жадында ұстағаны жөн. Өйткені рәміздер елдің өзіндік өмір салтын, болмыс-бітім ерекшелігін, өзгелермен байланыс орнату мұратын білдіретін айрықша белгі болып табылады.

Тәуелсіздігін енді жариялаған еліміз үшін мемлекеттік рәміз­дер­ді қабылдау расында да жеңіл бола қойған жоқ. Тиісті мемле­кеттік органдар мен мекемелер аса жауапты істі жан-жақты ізде­ніс­пен, мұқият дайындықпен қолға алды. Алдымен 1992 жыл­дың басында Жоғарғы Кеңестің төрал­қасы мемлекеттік символи­каны дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулы қабыл­дады. Осы құжатқа сәйкес арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына бел­гілі заңгерлер мен қоғам қайрат­керлері кірді. Көгілдір түсті Туымыз жаһан жұртына Қазақстан деп аталатын жаңа тәуелсіз елдің бет-бейнесін паш етті.

       Рәміз - белгілі бір идеяны білдіретін белгі, бейне. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

 «Біз тәуелсіздікке аңсап жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі тәуелсіз ел болмайды.«Біз тәуелсіздікке аңсап, за­ры­ғып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиеттін қастерлеу біздің азаматтық парызымыз.

«Ұлттық рәміздеріміз ұлттың бірегейлігі мен ұлылығын көрсетеді. Ту, Елтаңба және Әнұран сынды ұлттың айшықты таңбаларының қабылдануы – дүниежүзінде Қазақстан дейтін мемлекет бар екендігінің көрінісі. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қасиетін білу, оны жүрекке тоқу – отансүйгіштіктің белгісі. Еліміздің жастары, өскелең ұрпақ патриот болсын десек, олардың бойына жастайынан осындай ұғымды сіңіруіміз қажет» – деді.

Ардақты ағайын!

Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – қиырда жүрген әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды. Рәміздеріміз арқылы дөңгеленген дүниеге біз үшін тыныштық пен түсіністік, ізгілік пен татулықтан асқан қымбат ұғым жоқ екенін жеткізіп келеміз.

Көк байрақ кемесін алысқа бағыттап бара жатқан жас мемлекетіміздің ниет-тiлегiнiң тазалығын көрсетеді. Нұрын шашқан алтын күн өмірді, уақытты, бейбітшілік пен байлықты бейнелейді. Қанатын кеңге жайған қыран құс халқымыздың айбарын, еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.Елтаңба ортасындағы шаңырақ отанның бастауы отбасы екенін айғақтаса, қанатты пырақтар ғасырлар бойғы жасымас жiгердiң, талмас талаптың, тәуелсiздігін аңсап, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Төрдегі алтын түстес бес бұрышты жұлдыз бен уықтар Ұлық Ұлыстың мұрагері Қазақстанға жол нұсқап тұр.Айбарлы Әнұран оң қолымыздың алақанын жүрек тұсына қойып шырқағанда елдік жолындағы ерлікті, бабалар аманаты мен Мәңгілік ел болуға белін бекем буған буынның үнін сезіндіретін қастерлі жыр. Құрметті отандастар, көрген кезде жігерлендіріп, бойымызды ерекше сезімге бөлейтін рәміздерімізді қастерлеу біздің ортақ парызымыз. Лайым халқымыздың айбарын асқақтатып, бойына ұлтжандылық дарытатын нышандар төрімізден түспей, тұғыры биік болсын.

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі.Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! Қазақ елінің, Қазақстанымның мәртебесі биік, өмірі ұзақ болып, Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет арта берсін.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Т.Кафезов

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив