Сот кабинетінің тиімділігі

Сот кабинетінің тиімділігі

Елімізде сот төрелігін жүзеге асыруды жеделдетін,сот қызметін ашық және  қолжетімді етуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қолданылып келе жатыр, солардың бірі «Сот кабинеті»-электрондық ақпараттық сервисі деп айтсақ та болады, 2014 жылдан бастап енгізілген жаңашылдық.

 «Сот кабинеті» бұл халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына қол жеткізуіне жасалғандықтан, сот органдарының онлайн сервисіне кіруіне арналған бірыңғай терезе болып саналады. Заманауи технологияларды қолданудың арқасында істерді қарау ыңғайлы әрі қолжетімді бола бастады, яғни азамат, оның өкілі немесе заңгер өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы талап арыздарын, оған қоса тіркелетін құжаттарын, басқа да сот істері бойынша өтініштерін жолдап, баж алымдарын төлей алады, сонымен қатар, істегі мәртебесін қарап, сот актісін шығара алады.Электрондық қызметтің бұл түрінің бір артықшылығы арызды жолдауға 3-5 минут қана жұмсалады. Осылайша, сотқа жүгінушілердің уақыт үнемдеуімен қатар қаржылық шығындардың азаюына септігін тигізеді.

Сот кабинетіне кіру үшін, ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет.Сот кабинеті - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төйлеу, сондай ақ төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы 

Уюмдасова Альмира Аскаровна

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив