Әдеп  кодексінің нормаларын сақтау сот отырысын жүргізу мәдениетінің кепілі

Әдеп кодексінің нормаларын сақтау сот отырысын жүргізу мәдениетінің кепілі

Барлық деңгейдегі соттар, шын мәнінде, тәуелсіз, ашық және кәсіби болмаса, заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес – деп президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында тоқталып кеткендей, судьялар үшін кәсіби құқықтық мәдениеттің маңызы ерекше, бұл заңдық кәсібилік пен кәсіби әдептілікті ұштастыратын қасиет. Істерді қарау кезінде заңдарды бұлжытпай сақтау мен сот процесін жүргізу мәдениеті өзара тығыз байланысты.

Әрбір жеке судья - ол сот билігінің бет бейнесі. Судьяға қарап жалпы сот корпусының сапасына, деңгейіне баға береді. Сондықтан судья өзінің әрбір іс-әрекеті арқылы Қазақстанның сот корпусының беделін қалыптастыратын ұмытпаған жөн.

21 қараша 2016 жылы Астана қаласынада өткен VII Қазақстан Республикасы судьяларының құрылтайында Судьялық әдеп кодексі қабылданды.

Аталған әдеп кодексі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының Қарарымен мақұлданған Бангалорлық қағидаттарға негізінде қабылданды.

Сонымен қатар, Кодекс ережелерінің басым көпшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77 бабында, және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңымен бекітілген судьялардың тәуілсіздігі қағидасымен тікелей байланысты.

Судья әдебі кодексін қабылдаудың негізгі мақсаты - қоғамда биліктің сот тармағының өкілдері ретінде судьялар туралы ерекше оң пікір қалыптастыру.

Судья сот отырысын қалай жүргізсе, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімі сол деңгейде қалыптасады. Өйткені судья шешімді Қазақстан Республикасының атымен шығарады.

Судья өзінің әрдайым назарда екенін, сот отырысында тараптардың оның әр қимылын, көзқарасын, сөзін зерттеп, бағалайтынын есте ұстауы керек. Оның мінез-құлқының этикасына қойылатын талаптарда оның тепе-теңдігі, тыныштығы, шыдамдылығы, төзімділігі туралы ұғымдар болуға тиіс, бұл өз кезегінде судьяның бейтараптығы, объективтілігі және оның кәсібилігі туралы куәландырады.

Судья, сот отырысына қатысушы тараптар өзінің әр қимылын, әрбір әрекетін, көзқарасын жіті қадағалап отырғанын ұмытпауы тиіс. Оның әдебіне қойылатын талаптар оның ұстамдылығы, мәдениеттілігі, байсалдылығы туралы ұғымдарды қамтуы шарт, бұл өз кезегінде судьяның адалдығын, туралығын және кәсібилігін білдіретін болмақ. 

Сот этикасы сот отырысына қатысушылармен және сот ісін жүргізуге тартылған адамдар тобымен өзара қатынастарды реттейтін заңның іс жүргізу нормаларын сақтаумен байланысты судьяның кәсіби қызметіне ғана негізделеді.

Сот отырыстарын жүргізудің жоғары мәдениеті, істің барлық мән - жайларын дұрыс анықтау, заңды шешімді дұрыс қабылдау және оны түсіндіру судья жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Сондықтан әрбір судьяға өзінің кәсібилігін, тәжірибесін көрсету және қаралатын әрбір іске барынша назар аудару қажет.

Сот отырысын жүргізу мәдениетін арттыру сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз етудің және сот билігінің оң имиджін қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады. Сот төрелігін заңға дәл сәйкестікте жүзеге асыру сот шешімдерінің алдын алу және тәрбиелік әсерін қамтамасыз етеді.

Сот отырысының мәдениеті тұрғысынан сот отырысының уақтылы басталуынан бастап сот құжаттарын рәсімдеуге дейінгі барлық нәрсе маңызды. Сот процестерінің мәдениетін арттыру үшін соттың сыртқы жағдайының маңызы аз емес. Бұл судьялардың, прокурордың, адвокаттың істі қарауға жақсы, адал дайындығын және олардың істі терең білуін талап етеді. Іс қарау үшін алынған сәттен бастап процессуалдық заң кейіннен тиісті сот актісін шығару үшін оның материалдарын мұқият және жан-жақты зерделеуді міндеттейді.

Сотқа деген сенім - сот төрелігінің маңызды негізі. Судья ерекше лауазымдық мәртебе иесі ретінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыста кәсібилік танытуы тиіс. Заңның барлық нормалары сақталған жағдайда ғана соттарға деген сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қол жеткізілетін болады.

Қымбат Алпысбаева 

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы              

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив