Жемқорлықпен күрес шаралары оң бағаға ие

Жемқорлықпен күрес шаралары оң бағаға ие

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіретін ең басты қауіп-қатерлердің бірі екені жасырын емес. Сондықтан, оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып келеді. Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғам тұрақтылығына, ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді. Осы орайда ҚР Тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің әрбір Жолдауында осы індеттің алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындап бергені белгілі. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыстың сапасын арттыру» атты 2018 жылдың 5 қазандағы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатынын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшысынын жеке тәртіптік жауапкершілігі күшейтілетіндігін атап өткен-ді.

Жаңадан сайланған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін қадап айтты. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Еліміздің қазіргі стратегиялық құжаттарын қарастыратын болсақ, олардың ен негізгісі ұзақ мерзімді басымдықты көздейтін Қазақстан 2050 Стратегиясы.

Құжатта сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қатер ретінде көрсетілген. Сол себепті 2014  жылдың 26 желтоқсанында еліміздің осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.

Стратегия мемлекеттің алдағы жылдардағы жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі өзегі болып  табылады. Құжатта жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқарту, қоғам өміріндегі, түрлі саладағы жемқорлық тудыратын себептерді жою, қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шаралардың жетекші рөлін жүргізу міндеттері көрсетілген. Стратегияның мақсаты-жемқорлық маштабын азайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен квазимемлекеттік және секторлардың ашықтығы.

Осылайша басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуда. Қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп кеткен бұл індеттің, алдың алу үшін елімізде институционалдық және құқықтық база қалыптасқан. Сонымен қатар еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында жасалып жатқан пәрменді шараларды халықаралық ұйымдар жоғары бағалап отыр.

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотынын бас маманы                                Е.М.Каримгалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив