Әкімшілік дау қаралды

Әкімшілік дау қаралды

 

Монополияға қарсы орган кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша қорытынды бекітілді.

Сот әкімшілік рәсім Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде (бұдан әрі – КК) белгіленген монополияға қарсы органды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілгенін анықтады.

Атап айтқанда, даулы бұйрықпен бекітілген тергеп-тексеру қорытындысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 79-бабының 1-бөлігі әкімшілік актісіне заңдылық бөлігінде қойылатын жалпы талаптарға жауап бермейді, өйткені монополияға қарсы органның лауазымды адамдары әкімшілік рәсімді жүргізу кезінде тергеп-тексеру жүргізу тәртібін өрескел бұзуға, атап айтқанда оған тиісті өкілеттіктері жоқ адамның қатысуына жол берілген.

Мемлекеттік органның тексеруші лауазымдық жағдайына байланысты тергеп-тексеру жүргізуге құқылы және қорытындыға қол қоюға құқылы деген дәлелдері тергеп-тексеру жүргізу рәсімін регламенттейтін Кәсіпкерлік кодекстің ережелерімен теріске шығарылады, онда тергеп-тексеруді тергеп-тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүргізеді және тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта міндетті түрде көрсетілуге тиіс деген талап жазылған (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 218-бабы 3-тармағының 5-тармақшасы).

Сот, КК-нің 156-бабы 2-тармағының құқықтық мазмұнына сүйене отырып, оған тиісті өкілеттігі жоқ адамның тергеп-тексеру жүргізуін кәсіпкерлік заңнама талаптарын өрескел бұзу деп бағалады және ӘРПК-нің 24-тарауының ережелерін басшылыққа ала отырып, талап қоюды қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив