Тіл мәртебесі - Ел мәртебесі

Тіл мәртебесі - Ел мәртебесі

Тіл-мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы қазығы. Тіл-ұлттың тірегі, ұлттың аса ұлы игілігі. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы, сауаттылығы тіл мәдениетімен, сол тілді қолданыс ауқымдылығымен өлшенеді. Еліміз егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы - қазақтың тілінде» деп алдымызға айқын жол ашып берді.

Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан ол азаматтық патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Тіл елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйытқы, ұлттық бірліктің негізі.

Тіл меңгеруде, өз тілінде еркін сөйлеуде  ата-ананың рөлі ерекше. Ана тілі- ананың ақ сүтімен, әр қазақ баласының бойына сіңген тіл   Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, оның тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдеп–ғұрпын, салт-дәстүрін терең тануға жол ашады. Басқа елдерге ұлттық мемлекет ретінде танылғымыз келсе, ең алдымен қасиетті ана тілімізді сақтауымыз керек. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатыны белгілі.    «Ұлттың  сақталуына да, жойылуына да себеп болатын тіл» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білуге болады.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңіту-бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше мемлекеттік органдарда, құқық қорғау органдарында, сот саласында жұмыс жасау мүмкін болмайды.Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді.Сондықтан мемлекеттік тілдің маңыздылығын насихаттаудың маңызы зор.

Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Демек бүгінгі ұрпақ- біз ана тілімізді –ата-бабаларымыздың келешек ұрпақ үшін сақтап, оны бағалауымыз қажет.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болып, ол мемлекетіміздің  ең маңызды тірегіне айнала берсін.

Ақтөбе облысының  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Баубек Арықбаев

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив