БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің аймақтық форумы өтті

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің аймақтық форумы өтті

Ағымдағы жылы 22 желтоқсанда БҚО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ - нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Отбасылық құндылықтар және рухани жаңғыру» атты аймақтық форумы өткізілді.
         Шараға облыстық, қалалық және аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, Ақтөбе, Атырау, Ақтау облыстарынан Аналар кеңесінің, облыстық білім басқармасы және облыстық, қалалық ішкі саясат бөлімінің,Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының,БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктердің, Орал қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілдері,медиаторлар, Ювеналды сотының және БАҚ өкілдері қатысты.
          Форумның отырысында, модератор «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі», Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы   Аналар кеңесінің төрайымы, п.ғ.д. профессор, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары – Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы өз баяндамасымен таныстырды.
           Сонымен қатар, форум барысында қала және аудан бойынша еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға және ел тұтқасын ұстар болашақ ұрпақтарымызды тәрбиелеуде қосқан сүбелі үлестері үшін облыс әкімі атынан көп балалы аналар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
         Сондай-ақ, форумның екінші бөлімі 3 секция жұмыстарына бөлініп, «Отбасы психотерапиясы және отбасына кеңес беру» мәслелер қозғалды, қатысушылармен Ювеналды сотының психологы С.Жапакова   психологиялық тренингтер мен кеңес беру сабақтарын өткізді.
       Форум қорытындысы бойынша саяси тұрақтылықты нығайту, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, мемлекеттік саясатты жүргізуді қолдау бойынша қарар қабылданып, хаттама дайындалуда.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив