Сотта татуласу рәсімдерін қолдану туралы. «Медиация туралы» ҚР Заңына еңгізілген өзгерістер.

Сотта татуласу рәсімдерін қолдану туралы. «Медиация туралы» ҚР Заңына еңгізілген өзгерістер.

Сотқа түскен талап арыздар бойынша азаматтық іс қозғаудан бұрын мүмкіндігінше судья тарапынан тараптармен сұхбаттасу арқылы тараптарға қойылып отырған дау бойынша татуласу рәсімдері барлық сотта өткізіледі.

     Ақмола гарнизоны әскери сотының тәжірибесіне келетін болсақ, әр судья өз өндірісіндегі азаматтық іс бойынша анықталған мән-жай бойынша тараптарға түсіндіру жолымен дауды татуласу жолымен шешу ұсынылады.

     Көп жағдайда тараптар арасында татуласу, талап арыздың сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде судья тарапынан жүргізілген татуласу рәсімдері барысында емес, азаматтық іс қозғалып, анықталған жағдайларға байланысты істі негізінен қарау барысында орын алады.

     «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңына енгізілген өзгерістерге келетін болсақ, өздеріңізге белгілі болғандай бұған дейін 1-баптың 3-тармағына сәйкес тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайтын болған, ал 29 маусым 2020 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес бұл шектеу алынып тасталып, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын дауларға (жанжалдарға) медиация рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қолданыладығы енгізілген.

       Яғни бүгінгі күні мемлекеттік органдардыңда дауларды медиация жолымен шешу мүмкіндіктерінен шектеу алып тасталған.

      Сондықтан медиация жолымен заңда белгіленген санаттағы даулардың барлығы бойынша тараптарға медиация заңының талаптарын қолдану арқылы қандайда бір ортақ мәмілеге келіп шешім қабылдау мүмкіндігі берілген.

      Соттың қарауында жатқан жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.

      Азаматтық немесе әкімшілік процесс шеңберінде жүргізілетін медиация тоқтатылған кезде тараптар іс жүргізуінде іс жатқан сотқа дереу:

      1) дауды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда – аталған келісімді;

      2) өзге жағдайларда – осы Заңның 26-бабында көзделген негіздерді көрсете отырып, медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы А.О.Батырханов.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив